Қазақша
математиктер сайты

Санды өрнектер. Әріпті өрнектер.

Санды өрнектер. Әріпті өрнектер.
Әдістемелік қоржын Ашық сабақтар
08:19, 13 сәуір 2017
18 733
0

Сабақ тақырыбы: Санды өрнектер .Әріпті өрнектер
Сабақ мақсаты: Білімділігі:Оқушыларды
-санды өрнекпен ,әріпті өрнекпен таныстыру;
-әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге баулу ;
-өрнектің мәнін таба білуге уйрету
Дамытушылық: шапшаң есептеп,тез ойлау қабілетін датыту.
Тәрбиелігі: өз бетінше ізденуге ,
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап
Сабақ көрнекілігі : үлестірмнлік қағаздар, сөздік плакат .
Сабақ барысы :
І Үйымдастыру кезеңі:
ІІ Оқушыларды сабаққа мақсат қою
ІІ Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту .
1. Есеп . Бақта 12 алма ағашыбар,ал алмүрт ағаштарының одан 5-еуікем. Бақта неше жеміс ағашы бар?
Шешуі . Бақтағы алмұрт ағаштарының саны 12-5. Онда бақтағы барлық жеміс ағаштарының саны 12+(12-5)
Мұндағы 12+(12-5) -санды өрнек
Осыдан оқушылар санды өрнек деп қандай өрнекті айтамыз ?
Оқушылардың жауабын қорытындылаймыз
Амалдар таңбаларынан ,жақшалардан (қажет болған жағдайда )және сандардан ғана
құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады .
Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесіндешыққан сан өрнектің мәні деп аталады 12+(12-5) =19өрнектің мәні
2-есеп. Компьютерде терушілердің біреуі шығарманың 86бетін терсе,екіншісі одан абетті артық терді. Компьютерде терушілердің екеуі бірігіп шығарманың неше бетін терді?
Шешуі.Компьютерде екінші теруші шығарманың 86+а бетін терді .Компьютерде терушілердің екеуі шығарманың 86+(86+а) бетін терді.
Мұндағы 86+(86+а) -әріпті өрнек
Осыдан оқушылар әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз ?
Оқушылардың жауабын қорытындылаймыз ?
Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады
1) Егера=15 болса , онда
86+(86+а) =86+(86+15)=187
2) Егер а =9 болса, онда
86+(86+а) =86+(86+9)=187
Мұндағы ,15және 9 сандары –а әріптің мәндері .
Әріпті өрнектегі әріптің орнына алынатын сандар сол әріптің мәндері деп аталады деп түсіндірме сөздік тақтаға ілініп қойылады.
Әріпті өрнектерде латын алфавитіндегі a,b,c,d,e...кіші әріптері пайдаланылады .
Әріпті өрнектердегі әріптің орнына оның мәнін қойғанда санды өрнек алынады. Әріпті өрнектің мәні оның құрамындағы әріптердің мәндеріне тәуелді . Сондықтан әріпті өрнекті айнымалысы бар өрнек деп те атайды. Санды өрнектер, әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады . 7а әріпті өрнегіндегі 7-ні коэффицент атайды. Коэффициент әріп көбейткіштің алдында жазылады . Коэффициент пен әріп көбейткіштің арасына көбейту таңбасы қойылмайды . Егер коэффициент 1-ге тең болса ,ол жазылмайда.
Коэффициент- бір немесе бірнеше әріп көбейткіштері бар көбейтінді түріндегі өрнектегі сан көбейткіш . тұсіндірме сөздікке жаздырамыз.
Мысалы, 12+а ,мұндағы а-ның коэффициенті 1-ге тең.
Әріпті өрнектердегі әріп көбейткіштердің арасына және жақша алдына көбейту таңбасы қойылмайды.
Мысалдар: 1) a•b•cәріпті өрнегі abcтүрінде;
3) 7•(х+9)әріпті өрнегі 7(х+9) түрінде жазылады .
Тақырыпты қорытындылай келе оқушыларға келесі сұрақтар қойылады
1.Санды өрнекке мысалдар келтіріңдер .
2.Өрнектің мәні деп нені айтады ?
3. Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтады ?
4. Әріптің мәні деп нені айтады?
5. Коэффициент деген не?
Шапшандылық гимнастикасы
№1 есепті ауызша орындату
№2 есеп Оқушыларға өрнекті дұрыс оқуға үйрету.
Үлгі: 44-а өрнегінің оқылуы: 44пен а санының айырмасы . abөрнегінің оқылуы : а-ның b-ға көбейтіндісі .
№3 есепті математикалық диктант түрінде жаздыру .
№51)146+а ,мұндағы а=14 2)b-18,мұндағы b=21
146+а=146+14=160 b-18=21-18=3
№6 Берілгені. 1)
І Жолаушылар таситын ұшақ -8
ІІ Жүк таситын ұшақ 8-3
Сұрақ. Әуежайда жолаушылар таситын және жүк таситын неше ұшақ бар?
Шешуі. 8+(8-3)=13
Жауабы : Әуежайда барлығы 13 ұшақ бар .
2) Берілгені .І күні -83 дән
ІІ күні-83+с
Сұрақ .Құмырсқа екі күнде илеуіне неше дән тасыды?
Мұндағы с=12
Шешуі: 83+(83+с)=83+(83+12)=178
Жауабы : Құмырсқа екі күнде илеуіне 178 дән әкелді.
№10. Шалқар қорығында а түрлі құс бар, Мұндағы а=130,b=60 .a+b=130+60=190. Шалқар және Аққұм қорықтарында 190 түрлі құс бар . a-b=130-60=70. Шалқар қорығында Аққұм қорығынан70 түрлі артық құс бар.
Сабақтың соңғы 10-15 минутында «Блиц турнир » ойыны ойнатылады .
Блиц турнир ойнатуда оқушыларға 5-6 жаттығу дайындалады. І . Тақтаға жаттығулардың әр түрлі жауаптары жазылады.
)Асқар бағасы а теңгеден 3қарындаш сатып алғанда, оның 20теңге ақшасы
қалды .Асқарда алғашқыда неше теңге ақша болған?
А. 20-3а; В) 3а+20; с) 20а+3.
2) Бағасы b теңгеден 12 қасық және с теңгеден 12 стакан сатып алынды .Барлығының құны неше теңге?
А)(b-c)*12; В)12b+с;С)12b+12с ;
3) 2 көйлекке bм мата жұмсалды .c метр матадан неше көйлек тігіледі?
А)(b:2)•c; В)c:(b:2) ; С)b:2+c;
4)1кг алма xтенге .5кг алма неше тенге?
А)5x; В)x:5; С)5-x.
ІІ Оқушылар дәптеріне тапсырма ретінің тұсына дұрыс деп есептеген жауаптарын жазады.
ІІІ мұғалім тақтаға әрбір тапсырмаға жеке оқушыларды шақырып, тапсырманы орындатады.
ІV.Партадағы оқушылар өздерінен өздері тексереді.
V. Мұғалім тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға баға қояды.
Ұй тапсырмасына №4,№7,№8




Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*