Қазақша
математиктер сайты

Формулалар

Формулалар
Әдістемелік қоржын Ашық сабақтар
08:29, 13 сәуір 2017
25 479
0

Сабақ тақырыбы: Формулалар
Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларды формулалармен таныстыру және формулаларды пайдаланып ,есептеуге үйрету.
2. Ой өрісін логикалы ойлауға дамыту .
3. Өздігінен білім алуға көп ізденуге тәрбиелеу.
Сабақ типі : Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру ,
Сабақ көрнекілігі : тік төртбұрыштар , үшбұрыштар ,квадрат және фишкалар
Сабақ барысы : І кезең Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа назарын аудару.

Сабақ барысында дұрыс жауап берген белсенді оқушыларға фишкалар таратылып беріледі .Соңында фишкалар санын санап оқушылырды бағалаймыз.
5фишка -5деп бағаланады.
4фишка -4 деп бағаланады.
3фишка -3деп бағаланады
2фишка алған оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады.
ІІ кезең .Үй тапсырмасын тексеру .Сынып бойынша үй тапсырмасының орындалғанын тексеру , тексеру барысында кемшіліктер жою.
ІІІ кезең .Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру. Сұрақ жауап арқылы
1. Қандай теңдік теңдеу деп аталады ?
2. Теңдеудің түбірі деп нені атаймыз?
3. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
4. Белгісіз қосылғыш қалай табылады?
5. Белгісіз көбейткіш қалай табылады?
Оқушыларға теңдеулер (мысалдар) жазылған карточкалар үлестіріп , эстафета ойынын үйымдастырамыз.
ІV кезең Тақтаға жаңа тақырыпты жазып ,оқушыларға сабақың мақсатымен таныстыру.
Vкезең Жаңа материалды түсіндіру
Математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады.Мұндай жағдайда ережені формуламен жазылған дейміз.
І Тік төртбұрыштың,үшбұрыштың периметірінің формулалары.
Тіктөртбұрыштың периметірі оның ұзындығы мен енінің 2еселенген қосындысына тең.
Р=2а+2b немесе Р=2(а+b) .Мұндағы Р-тік төртбұрыштың периметрі ,
а-ұзындығы ,b-ені
Үшбұрыштың периметірі оның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысына тең.
Р=а+b+с. Мұндағы Р-үшбұрыштың периметірі .а,bжәне с-қабырғалары
ІІ Тік төртбұрыштың ауданының формуласы .
Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең.
S=аb. Мұндағы S-тік төртбұрыштың ауданы.
ІІІ Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығын ені мен биіктігіне көбейткенге тең.V=аbс .
Мұндағы V-тік бұрышты параллелепипедтің көлемі ,а-ұзындығы ,b-ені , с-биіктігі
ІVЖолдың формуласы .Заттың құнының формуласы.
Жол жылдамдықтың қозғалыс уақытына көбейтіндісіне тең.
S=vt .Мұндағы S-жол (жүрілген жолдың ұзындығы ),v-жылдамдық, t-уақыт
Заттың құнының формуласы С=аn. Мұндағы С-заттың құны ,а-заттың бағасы ,n-заттың мөлшері .
Квадрат барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш .
Квадраттың периметірінің формуласы: Р=4а .Мұндағы а- квадраттың қабырғасының ұзындығы
Квадраттың ауданы оның қабырғасының квадоатына тең.S=а2.
Куб –барлық өлшемдері тең тік бұрышты параллелепипед.V=а3. Мұндағы а- кубтың қырының ұзындығы .
Кубтың көлемі оның қырының кубына тең .
VІ кезең .Жаңа маттериал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі
Бұл тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылардан сәйкестік тестін аламыз .
VІІ Бекіту кезеңі.
№97,№98 эстафета ойыны арқы шығарту
№99
Берілгені :төртбұрыш Шешуі
а=9см Р=2(a+b)=2(9+5)=28(см)
b=5см S=а•b=9•5=45(см2)
Табу к/к Р-?S-? Жауабы :28см,45см2
№100
1)Берілгені : Шешуі :
тік бұрышты параллелепипед V=abc=12•9•5=540(см3)
а=12см
b=9см
с=5см
Табук/к:V-? Жауабы : 540см
2)Берілгені : Шешуі :
V=72м3 V=S•c
с=3м S=V:с=72:3=26(см2)
Табу к/к S-? Жауабы :26см2
№101
Шешуі : (6990-6580):5=82(км/сағ)
Жауабы : 82(км/сағ)
№102Берілгені : шешуі :
Квадрат Р=4а=4•6=24см
а=6см S=а2=62=36(см2)
Табу к/к: Р-? S=? Жауабы:24см; 36см2.
№106
Кубтың бір жағының периметрі 36см:
1) Кубтың бір жағының ауданы неше квадрат сантиметр ?
2) Кубтың көлемін табыңдар.
Шешуі :
1)Кубтың бір жағы кавдрат ,квадраттың периметірінің формуласы Р=4а демек
а=Р:4=36:4=9(см)
S=а2=92=81(см2) Жауабы :9*см ;81см2
2)V=a3=93=729(см3) Жауабы :(729см3)
VІІІ кезең . Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау кезеңі.
Үй тапсырмасы :
№102Берілгені : шешуі :
Квадрат Р=4а=4•6=24см
а=6см S=а2=62=36(см2)
Табу к/к: Р-? S=? Жауабы:24см; 36см2.
№103
Оқушылардың фишкаларын санап оқушыларды бағалау.



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*