Қазақша
математиктер сайты

Математикалық поезд, бағыты "Ерейментау-Астана"

Математикалық поезд, бағыты "Ерейментау-Астана"
Сайыстар
15:00, 25 наурыз 2016
3 398
1

Сматаева Ботагоз Габдрафиковна
Ақмола облысы Ерейментау қаласы
№1 орта мектебі
Математика пән мұғалімі

«Мектеп-білім» поезы
Бағыты «Ерейментау- Астана»
(математикалық ойын)
Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру.

Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1. Поезд – үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама бөлімі.
3. Касса.
4. Аквариумдегі балықтар.
5. Есептер, жұмбақтар
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Поезға билет алу.
Жүрісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 5-6 сыныптар арасында өтетін «Ерейментау — Астана» бағыты бойынша «Мектеп — білім» математикалық ойынын бастаймыз.
Жүргізуші – 1: Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші – 2:Ойынға қатысушы оқушылар келіп, билеттер алады
Жүргізуші: (3-рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де вагонға отырады.
Жүргізуші – 1: Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулар, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан шулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық –
деп ақын жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен. Купедегілер – «Алғырлар», плацкарттағылар – «Тапқырлар», жалпы вагондағылар – «Ойшылдар» тобы.
Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар (әндетіп).
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.
1. Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы « Едіге» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны ойналады. Әр топтан бір оқушыдан келіп балық аулайды, яғни балықтағы сұрақтарға жауап береді
1. Сіз – автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді . Екінші аялдамада 7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жүргізуші неше жаста?
2. Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықта.
3. 10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?


Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Білім қуған біз оқушы ұландар,
Келіп тұрған жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен асын қоятын,
Біз боламыз математик ұландар.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Еркіншілік» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда жұмбақ шешеміз. (Үш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі).
1. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
2. Алды –артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді
шыққан тегін білесін бе? (түзу)
3. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Шақырып жарыстарға сан салалы,
Ұландар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
Қарсылас командасын қарсы алады.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Сары-оба» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Ғажайып заңдылықтар.» ойыны ойналады

1. Сандар қатарын жалғастыр.
3, 7 , 11, 15, 19,...
2. Артық сөзді алып таста:
метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр.
3. Сандар қатарын жалғастыр. 4, 5,8, 9, 12, 13,...
4. Қай қатар артық?
2 5 8 11 14
1 4 7 10 13
10 20 30 40 50
Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы өз сапарын жалғастырады.
Ойыншылар: Ұландар биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы алауласын,
Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.


Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Қырқыншы» станциясына келіп тоқтады. Мұнда топтарға алдарындағы әріптерді қолданып, неғұрлым көп математикалық терминдер жазындар
С І Р К Б Ы И Т Ұ Ш Ү Н Е


Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Достықпен бірлікті біз етіп тұлға,
Жеңіспен жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін ұланыңның әділ сына.


Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы Астана қаласына келіп тоқтады.
Енді әр топ жинаған жетондарын жолсеріктер санап қойындар
Жеңімпазды анықтайық
Жүргізуші – 1: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мектеп – білім» поезы өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар.



Пікірлер саны (1)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Шамерхан Қасира
    Шамерхан Қасира 16 қараша 2017 09:38
    өте керемет сабақ!!!!!!