Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта
» » «Жыл математигі» интеллектуалдық сайысы

«Жыл математигі» интеллектуалдық сайысы

Авторы: Aliya-zhumaly
Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
2. Өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Сайыс жоспары:

1. Математикалық эстафета
2. Адасқан әріптер
3. Логикалық лабиринт
4. Тапқырлық



Математикалық эстафета сұрақтары:
1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)
3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)
5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 21 )
6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)
8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)
9. Сызықтық функцияның графигі қалай аталады? (түзу)
10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )
11. Оу осі қалай аталады? (ордината)
12. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады? (аргумент)
13. -18+11= ? (-7 )
14. 5 санына кері сан? (-5 )
15. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі. Кесінді,
интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле).

Адасқан әріптер. (Сайыстың осы бөлімінен кейін 2 оқушы шығарылады)
Еңшбре- шеңбер
Рвадкат – квадрат
Шұырб – бұрыш
Елниратв – интервал
Ікзішкесд – шексіздік

Логикалық лабиринт. (Сайыстың осы бөлімінен кейін 2 оқушы шығарылады)
1. Келесі сан қандай? 18 10 6 4 ? (жауабы: 3)
2. Келесі сан қандай? 3, 7, 11, 15, 19..........( жауабы: 23 )
3. Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық)



4. Суретте қанша квадрат бейнеленген? Жауабы: 14









5. 1-ден 99-ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры қанша рет кездеседі? (19 рет)
6.








(69)


7. Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады. Үй иесі мұны сезіп:
Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бер, - деген екен.
Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз болмас, толы кісі екен, әрі бізден екі есеге артық екен, кетейік» депті. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. (10 адам, 5 ұры)
Сұрақ: Үй иесі айтқан адамдар қанша, ұрылар қанша?
8. Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, оның екеуіне бірдей, үшіншісіне екі есе аз сал» деп тапсырма береді.Күлшеқызға бұршақтарды ыдыстарға дұрыс бөлуге көмектес.( 18+18+9)
9. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын біржарым есе арттыр
(төңкергенде 999 шығады)

Тапқырлық сайысы.
«П» және «С» әріптерінен басталатын математикалық терминдер жазу.
Периметр, пропорция, параллель, перпендикуляр, параллелепипед, пайыз.
Симметрия, сан, сәуле, сызықтық теңдеу, сүйір бұрыш.
Жүктеу:
Қарау саны: 1 550     
Құрметті сайтқа келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы сияқты кірдініз, біз сізге тіркелуге немесе өз атынан кіруге ұсынамыз.

Пікірлер
(1)



cәлеметсіздер ме? сабақтар жақсы жасалған.Рахмет!
Пікірді қосу
Сіздің атының: *
Е-mail: *
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Код: Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодті еңгізініз: