Элективті курс бағдарламасы "Сандар жиыны" қазақша, орысша, ағылшынша курс

Автор: admin | Бағдарламалар
Қарау саны: 777
Омарова Кымбат Ораловна, математика пәнінің мұғалімі,жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Сандар жиыны
Жалпы білім беру мектебінің 7-сыныбына арналған арнайы курс бағдарламасы
Түсінік хат
Қоғамдық жүйедегі өзгерістер талабына сай, мектептерде үш тілде оқытуды енгізу қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылуда.
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Математиканың негізгі бөлімдерінің бірі болып саналатын «Сандар жиыны» оқытудың барлық курстарында үйретіледі.
Осы себептерді ескере отырып құрылған ағылшын тілінде оқытылатын «Сандар жиыны» атты арнайы курс бағдарламасы 7-сынып оқушылары үшін барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағатқа есептелген.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы №228 «ҚР жалпы білім беретін мектептерінде үш тілде оқытуды енгізу жөніндегі экспериментті өткізу жөніндегі эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру туралы» бұйрықтарына сәйкес құрылды.


МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Автор: Madi | Жаңалықтар Пікір саны: 1
Қарау саны: 938
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
БІРІНШІ ЛЕКЦИЯ
ФУНКЦИЯ ҰҒЫМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ

Функция немесе функциялық тəуелділік ұғымы түрлі
шамалар, экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды
моделдейтін математиканың маңызды ұғымы.
Анықтама. Х жиынының əрбір х элементіне ( x ∈ X )
белгілі бір заң немесе ереже бойынша У жиынының у элементі
сəйкес қойылса, онда Х жиынында функция берілген деп
атайды.
х жəне у шамаларының арасындағы функциялық
тəуелділікті y=f(x) деп белгілейді, мұндағы х - аргумент(тəуелсіз
айнымалы), у – функция(тəуелді айнымалы), f – ереже немесе заң.
Берілген функция анықталатын х аргументтерінің жиынын
функцияның анықталу облысы деп, ал сəйкес у
айнымалылардың жиынын функцияның мəндер жиыны деп
атайды. Əдетте анықталу облысын D(f) деп, ал мəндер жиынын
E(f) деп белгілейді.


Ежелгі есептер

Автор: admin | Математика тарихы Пікір саны: 1
Қарау саны: 1 007
Ежелгі есептер
Ежелгі есептер

Кіріспе


Математика тарихы математиканың бір саласы болып есептеледі.Ол –математика дамуының обьективтік заңдылықтары туралы ғылым .
Көрнекті математик А.Н.Колмогоровтың таратуы бойынша математика тарихын төрт дәуірге бөлуге болады
1-дәуір - математиканың туу,математикалық білім-дағдыларының, мағлұматтардың, жиналу дәуірі.
2-дәуір - элементарлық математика дәуірі.Біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларда басталып біздің заманымыздың XVIғасырымен аяқталады.
3-дәуір - айнымалы шамалар математикасының туу дәуірі.
4-дәуір қазіргі математика дәуірі.


Арифметикалық және геометриялық прогрессия

Автор: admin | Жаңалықтар
Қарау саны: 605
Арифметикалық және геометриялық прогрессия
Арифметикалық және геометриялық прогрессия

Ежелгі замандардан бастап адамзат арифметикалық және геометриялық
прогрессиялардың заңдылықтарын қолдана білген.Мәселен, Біздің
заманымызға дейінгі ежелгі вавилондықтардың сына жазу (клинопись)
кестелерінде , ежелгі мысырлық және гректердің папирустарында
арифметикалық және геометриялық прегрессияларға көптеген мысалдар
кездеседі. Ежелгі грек ғалымдары прогрессиялардың кейбір қасиеттерін және
олардың қосындысын таба білген.


Мақсаты

Автор: admin | Жаңалықтар Пікір саны: 2
Қарау саны: 3 288
Мақсаты
Қош келдіңіз, құрметті сайт оқырманы!

Математика пәніне арналған сайт Бүкіл Қазақстан мектептеріндегі математика пәнінің мұғалімдері қауымдастығының арасында өзара тәжірибе алмасып, байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз ету, математика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Бұл сайт математика мұғалімдері мен оқушылардың пән бойынша ойландырып жүрген сұрақтарына жауап беруге, мұғалімдер қауымдастығының арасында бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Сұрақтарыңыз болса төменгі жақтағы "Бізге жазу" батырмасын басып, «Тілектер мен ұсыныстар» бөлімінде жазуға болады. Осы сайтқа қайта кірсеңіз сұраңыңызға жауап ала аласыз. Сайт сіздерге ұнап, пайдасы тиер деген үміттеміз!


"Matematik.kz" журналы: Бірінші шығарылым

Автор: admin | Жаңалықтар Пікір саны: 4
Қарау саны: 3 133

Математика пәніне арналған «matematik.kz» сайтының ішіндегі on-line журналы Қазақстан мектептеріндегі математика пәнінің мұғалімдері қауымдастығының арасында өзара тәжірибе алмасып, байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз ету, математика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Бұл журнал математика мұғалімдері мен оқушылардың пән бойынша ойландырып жүрген сұрақтарына жауап беруге, мұғалімдер қауымдастығының арасында бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Журнал сіздерге ұнап, пайдасы тиер деген үміттеміз!



Рационал сандарға амалдар қолдану

Автор: Ляйля | Сабақ жоспарлау
Қарау саны: 455
Сабақ №80
Математика, "№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалім есімі: Сатыбалдина Ляйля Сериковна

Сынып 6 "А"
Қатысқандар саны: 20 оқушы
Қатыспағандар саны: жоқ

Тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану


Тура санды теңдіктер

Автор: KHanysha | Ашық сабақтар
Қарау саны: 259
Пәні: математика
Пән мұғалімі: Керпишбай Х.
Мерзімі: 19.01.2016ж. Уақыты:14:00
Сыныбы: 6 қазақ
Сабақтың тақырыбы: Тура санды теңдіктер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолданып есептер шығару;
жинап, баға қою


Matematik.kz - бүкіл Қазақстан мектептеріндегі математика пәнінің мұғалімдері арасында қауымдастықтың өзара тәжірибе алмасып, байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз ету, математика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Бізде рефераттар, флипчарттар, презентациялар, ОЖСБ, ҰБТ, онлайн тесттер, бағдарламалар, электронды оқулықтар таба аласыздар.