Үнді есебі

Автор: admin | Қызықты сұрақтар Пікір саны: 2
Қарау саны: 6 448
IX ғасырдан бастап математикалық ой-өрістерді, ғылымды байытқан, өзінің ғылымдағы даңқын мәңгі өшпестей қалдырып кеткен өзбек және тәжік ғалымдары шықты. Сол ғалымдардың бірі математик Мұхамед Әл-Хорезми. ІХ ғасырдың бас кезінде ол алгебраның оқулығын жазған, оған «әл –жебр» және «әл-мукабала» деген ат берген. Осының біріншісінен қазіргі «алгебра» деген сөз шықты. Кітапта теңдеулерді шешкенде қолданылатын екі тәсіл келтірілген.


Ежелгі есептер

Автор: admin | Қызықты сұрақтар
Қарау саны: 12 987
Ежелгі есептер

Қызықты есептер-ежелгі есептерден мысалдар: Диофант есебінің шығарылуы

Ежелгі есептер


Ферманың ұлы теормеасы

Автор: admin | Математика тарихы Пікір саны: 1
Қарау саны: 6 185
Ферманың ұлы теормеасы
Ферманың Ұлы теоремасы Ферманың Ұлы теоремасы́ (немесеФерманың соңғы теоремасы) — математикадағы ең әйгілі деуге болытын теоремасы; оның шарты орта мектеп білімі деңгейінде тұжырымдалғанымен, дәлелдеу үшін көптеген мықты математиктер ұзақ уақыт бастарын қатырды. Теорема былай дейді: Кез келген бүтін n > 2 үшін теңдеуінің натурал a, b және c шешуі болмайды. Пьер Ферманың 1637 тұжырымдаған осы теоремасы Диофанттың «Арифметика» атты кітабы беттерінде "мен тапқан алғырлық дәлелдеме осы бетке сыйдыруға өте ұзақ болады" деген сөздермен басылып шығады. Кейін Ферма n = 4 үшін шешуін жариялайды, алдыңғы алғырлық дәлелдеуі туралы осы жолы ол тіс жармағандықтан жалпы түрде дәлелдегені күмәнді. Эйлер 1770 жылы теореманы n = 3 үшін, алДирихле мен Лежандр 1825 жылы n = 5 үшін дәлелдейді. Өз үлестерін дәлелдеуге Ламе,Софи Жермен, Куммер және т. б. көптеген алдыңғы қатарлы математиктер қосты. Теореманы дәлелдеуге деген талпыныс қазіргі сандар теориясының көптеген нәтижелерін табуға алып келді. Фальтингстың 1983 жылы дәлелдегенМорделла гипотезасынан an + bn = cnтеңдеуінің n > 3 болғанда тек шектеулі өзара жай шешуі болатындығы шығады. Дәлелдеудің соңғы қадамын тек 1994 жылдың қыркүйегінде Уайлс Эндрю жасады. 130-беттік дәлелдеу «Annals of Mathematics»журналында жарыққа шығады.

Ферманың ұлы теоремасы



Абель Нильс Хенрик - Норвегияның атақты математигі

Автор: admin | Математика тарихы Пікір саны: 2
Қарау саны: 5 903
Абель Нильс Хенрик  - Норвегияның атақты математигі
Абель Нильс Хенрик Абель Нильс Хенрик (Niels Henrik Abel, 1802-1829) - Норвегияның атақты математигі, осы заман алгебрасының дамуындағы көшбасшысы. 1802 ж. 5-тамыз күні Финнейде шала сопы-пастор сурен Георт Абелдің семьясында дүниеге келген, 1829 ж. 6-сәуір күні Фолуланда қайтыс болған. [өңдеу]Өмірбаяны 13 жасында Ослода діни мектепке түскен, математика мүғалімі Бернт Микель Хольмобое оның талантын байқап, оған жетекшілік еткен. Жас шағынан бастап Абель кейбір математикалық мәселелерге ой жүгірте бастайды. 1821 жылы бірнеше профессордың көмегімен Осло университетіне түседі. Ол университетте өздігінен оқыған, сонымен бірге көп уақытын зерттеуге жұмсаған. 1824 жылы, Абель 5-дәрежелі алгебралық теңдеудің шешуін әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтынын дәлелдеу барысында, топтарға(Абел тобына) алмастыруға болады деген тұжырымды енгізеді. Мақаласы түсінікті болу үшін француз тілінде жарялайды және оны С.Ф.Гауссқа жіберіп береді. Бірақ шет ел математиктері ешқандай көмек көрсетпейді. 1825 жылы ол Берлинге барып, сол жерде А.Л.Креллемен (August Leopold Crelle 1780-1855) танысып дос болады.

Абель Нильс Хенрик-Норвегияның атақты математигі



Жаутыков Орымбек Ахметбекұлы туралы

Автор: admin | Математика тарихы Пікір саны: 1
Қарау саны: 13 007
Жаутыков Орымбек Ахметбекұлы туралы
Жәутіков Орымбек Ахметбекұлы (1911-1989) Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған.

Жаутыков Орынбек Ахметбекұлы 



11 сыныптағы Интеграл тақырыбы, Қисық сызықты трапеция, Ньютон-лейбниц формуласы-сабақ жоспарлары

Автор: admin | Әдістемелік қоржын Пікір саны: 1
Қарау саны: 10 462

11 сыныптағы "Интгерал" тақырыбы: Қисық сызықты трапеция, Ньютон-Лейбниц формуласы



ҰБТ бағдарлама

Автор: admin | Ұлттық бірыңғай тестілеу
Қарау саны: 8 795

ҰБТ бағдарлама



Математикадан ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық тапсырмалары

Автор: admin | Ұлттық бірыңғай тестілеу Пікір саны: 5
Қарау саны: 22 913

Математикадан ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық тапсырмалары- барлық тақырып қамтылған; көру;



Matematik.kz - бүкіл Қазақстан мектептеріндегі математика пәнінің мұғалімдері арасында қауымдастықтың өзара тәжірибе алмасып, байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз ету, математика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Бізде рефераттар, флипчарттар, презентациялар, ОЖСБ, ҰБТ, онлайн тесттер, бағдарламалар, электронды оқулықтар таба аласыздар.