DataLife Engine > Сабақ жоспарлау > Шаршы, тіктөртбұрыштың қасиеті

Шаршы, тіктөртбұрыштың қасиеті

Бекітілді: Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі:
Сыныбы: 2
Күні: 03.04., 04.04.
Пәні: Логикалық математика
Тақырыбы: Шаршы, тіктөртбұрыштың қасиеті


Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі. Ширату. Бұтақта 7 торғай қонып отыр. Үшеуінен басқасы ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды? (Үш торғай)
Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы және екі артқы аяғы бар. Жануардың неше аяғы бар? (Төрт аяғы бар)
Көлде 7 қайық жүзіп жүрді. 3 қайықты жағаға әкеліп қойды. Көлде неше қайық бар? (Жеті қайық. Төрт қайық жүзіп жүр. Үш қайық көлдің жағасында тұр.)
Қорапта 6 кәмпит бар еді. 6 қызға бір – бірден кәмпит бергенде, қорапта әлі бір кәмпит қалды. Ол қалай? (Қорапта бір кәмпитімен алтыншы қыз алды)

 

Тапсырма №1. Жасырын сөзді тап.
Алфавиттегі «п» - ның алдында және артындағы әріп, «қ» - ның алдындағы әріп, «д» - дан кейінгі әріп, «м» - дан кейінгі әріп.
Жауабы: өркен.

Тапсырма №2. «Өз көзіңе сенбе» Қай фигура үлкен?
Жауабы: Фигуралар бірдей.

Тапсырма №3. Сөздің жалғасын тап. Меңзермен көрсет.
Жауабы: бидай, немере, маусым, жексенбі, қуыршақ, жасырынбақ.

Тапсырма №4. Жүзетін затты шеңбердің ішіне, ұшатын затты шаршының ішіне, ал жүзетін де, ұшатын да заттарды шеңбер мен шаршының ішіне меңзермен сызып көрсет.
Жауабы: а) Шеңбердің ішінде: балық, қаз, аққу.
ә) Шаршының ішінде: шегіртке, тоты, инелік, ұшық.
б) Шеңбер мен шаршының ішінде: қаз, аққу.

Тапсырма №5. Графикалық диктант.
Бастапқы нүктеден 1 тор төмен, 2 тор солға, 1 тор жоғары, 2 тор солға, 2 тор жоғары, 2 тор оңға, 2 тор жоғары, 2 тор оңға, 4 тор төмен, 2 тор оңға, 1 тор төмен, 2 тор оңға, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 2 тор жоғары, 5 тор солға.
Жауабы: көлік.
Қорытындылау.




Вернуться назад