Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта
» » Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (11 класс)

Автор: admin | Жаңалықтар Пікір саны: 1
Қарау саны: 8 957
2011-2012 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 693 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады.Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұхсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3 сәуіріндегі № 160 бұйрығымен,2009 жылғы 14 мамырдағы № 217 бұйрығымен анықталған.
«Математика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі математиканың мәні практикалық іс-әрекетте қолдану үшін қажетті,басқа оқу пәндерін зерделеу үшін,үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті нақты математикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін,ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы,қазіргі ғылымдағы және өндірістегі рөлімен,сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы,олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы математикалық білімнің маңыздылығымен анықталады.