Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта


Қазіргі отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесімен даму тенденциялары (Диломдық жұмыс)

Автор: admin | Дипломдық жұмыстар Пікір саны: 1
Қарау саны: 2 478
Кіріспе
Тақырыптың көкейтістілігі. Қазіргі кездегі отбасын және ондағы процестерді зерттеу тек қана ғылыми-теориялық сипат емес, сонымен қатар тәжірибелік мазмұнға да ие болып отыр. Отбасы мәселесі, неке-отбасылық қатынастың нығаюы қоғамды да, мемлекетті де ойландырады. «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Отбасы мен неке адам баласының дүниеге келуімен, оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етіп отырғандықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторлардың бірі болып табылады. Мұның өзі отбасы мен неке тұрақтылығының үлкен қоғамдық мәселе екендігін айқындайды.