Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта


Шаршы, тіктөртбұрыштың қасиеті

Автор: izgalieva | Сабақ жоспарлау
Қарау саны: 282

Бекітілді: Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі:
Сыныбы: 2
Күні: 03.04., 04.04.
Пәні: Логикалық математика
Тақырыбы: Шаршы, тіктөртбұрыштың қасиеті


Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі. Ширату. Бұтақта 7 торғай қонып отыр. Үшеуінен басқасы ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды? (Үш торғай)
Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы және екі артқы аяғы бар. Жануардың неше аяғы бар? (Төрт аяғы бар)
Көлде 7 қайық жүзіп жүрді. 3 қайықты жағаға әкеліп қойды. Көлде неше қайық бар? (Жеті қайық. Төрт қайық жүзіп жүр. Үш қайық көлдің жағасында тұр.)
Қорапта 6 кәмпит бар еді. 6 қызға бір – бірден кәмпит бергенде, қорапта әлі бір кәмпит қалды. Ол қалай? (Қорапта бір кәмпитімен алтыншы қыз алды).