Артқа оралу Басып шығару

Параллелограмм - 9 сынып

Төртбұрыш деп әрбір үшеуі бір түзудің бойында жатпайтын төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын кесінділерден тұратын фигураны айтамыз. 


Төртбұрыш диагональдары деп оның қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінділерді айтамыз.


Параллелограмм деп қарам-қарсы қабырғалары пареллель болып келген төртбұрыштарды айтады.


Параллелограмм қасиеттері:


1. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.

2. Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең.

3. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.


Параллелограмның бір бұрышы 50 градусқа тең. Параллелограмның қалған бұрыштарын тап.

Жауабы: 500, 1300, 1300


Параллелограмның екі бұрышының қосындысы 1700. Параллелограмның бұрыштарын тап.

Жауабы: 850, 950


Параллелограмның қабырғалары 14 см және 19 см. Параллелограмм периметрін тап.

Жауабы: 66 см


Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмының ауданын тап.

Жауабы: 60 см2 


Параллелограмның екі бұрышының айырмасы 700. Параллелограмның бұрыштарын тап.

Жауабы: 550, 1250 


ABCD параллелограмм.  ABD үш-бұрышының периметрі 35 см. Егер BD диагоналінің ұзындығы 11 см болса, параллелограмның периметрін тап.

Жауабы: 48 см


ABCD параллелограмының А төбесінен жүргізілген биссектрисасы ВС қабырғасын Е нүктесінде қиып өтеді. ВЕ=7 см, ЕС=5 см болса, параллелограмның периметрі неге тең?

Жауабы: 38 см


Параллелограмның қабырғалары 4 см және 6 см, ал олардың арасындағы бұрышы 300. Параллелограмм ауданын тап.

Жауабы: 12 см2


Параллелограмның қабырғалары 4 см және 2-3 см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.

Жауабы: 600


Параллелограмның қабырғалары 12 см және 15 см. Ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 8 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін тап.

Жауабы: 10 см


Жүктеу:

Файлды жүктеп алу:
paral-mm.ppt
(Жүктелген саны: 72)