"Миллионды кім алады? "
Сабақтың тақырыбы: « Миллионды кім алады?»
Негізгі мақсаты : оқушыға жан-жақты білім беру,алған білімдерін тереңдету,ой-өрісін кеңейту,ұжыммен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтырын арттыра отырып,есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылыарды ұйымшылдыққа,тапқырлыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Топпен таныстыру
Ойын шартымен таныстыру
Алғырлар тобы (ойын)
Тапқырлар тобы (ойын)
Қорытындылау
Армысыздар бүгінгі ойынға жиналған математиканы сүюші қауым.
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйiр болады,
Досың солар – табылатын қасыңнан.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып «Миллионды кім алады » атты танымдық сайысымызды бастаймыз.Сайысқа 6-сынып оқушыларынан құралған 3топ «Алғырлар» топ басшысы Бейғанова Үміт, « Тапқырлар » тобы топ басшысы Кеңшілікқызы Аяжан ,
Қатысып отыр.
Сайысымыздың шарты: Сайыс үш кезеңнен тұрады. 1кезең-1000тг ұтыс (ойланбай бірден жауап береміз) 2-кезең -32000тг ұтыс(1 минут ойлануға уақыт беріледі) 3-кезең 100000тг ұтыс( 2 минут ойлануға уақыт беріледі). Ойынға қатысушылар екі жеңілдікке ие, ол залдан көмек,досынан көмек.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұұыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына дей келе сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра
« Алғырлар» тобын ойын алаңына шақырамыз.
Сұрақтар:
- Бүгінгі ойында қанша ақшамен қайтамыз деген үміттесіздер?
- Бай,миллионер болғыларыңыз келе ме?
- Миллионер болу үшін бүгінгі таңда ең қажеттісі не деп ойлайсыздар?
- ойын шарты сіздерге түсінікті ме?
Ойын шарты түсінікті болса назарларыңыз экранда болсын
1 топ Алғырлар
1-кезең
100 тенге Кері сандардың көбейтіндісі? (1)
200 тенге Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)
300 тенге 7 май шам жанып тұр,4-уін сөндірсек неше май шам қалады? (4)
500 тенге 1 жұмыртқа 5 минутта піседі , 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (5)
1000 тенге Сақ дәуіріне жататын ауданымыздағы ең ірі қорым? (Берел)
1 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба,әлде мың теңгені аламыз ба?
Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер?
2 кезең
2000 тенге Қайыңда 7 бұтақ ,әр бұтақта 3 алма .Барлығы неше алма болды?
( Қайыңда алма өспейді )
4000 тенге Атам,әжем, ағаммен,Әкем інім және,Анам және енесі,Енесінің бөлесі, Отыр едік шай ішіп,Жәңгем кірді майысып,Арқасында кіші інім,Сонда қанша айта ғой, Үйдегі бар кісінің? (10 кісі)
80000 тенге Теріс сандарды қалай қосамыз?
16000 тенге Балықшы 2 балықты 4 минутта аулайды.Осындай 8 балықты неше минутта аулайды? Балық қаққан кезде.
32000 тенге Бақшаға Жақсы аға ,Көп-көп ойыншық келді алып,Бір балық, екі есек, үш үйрек, Төрт түлкі,бес бүркіт,Алты арғымақ, жеті жарғанат,
Сегіз саулық,тоғыз тауық,Он торпақ.....Болма есепке сен шорқақ.Ауызша, жазбаша қосып шық.Бақшаға Жақсы аға, Қаншама әкелді ойыншық? (55)
2 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба,әлде барға қанағат тұтамыз ба?
Ата-аналарың қалта шығынына күнделікті ақша береме , қанша?
Ата –аналарың берген ақшаны үнемдейсіңдер ме?
3 кезең
64000 тенге Математика – сөзінің мағынасы. (Грекше ілім,ғылым)
125000 тенге Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса,48 сағаттан соң күн шығады деуге болама? ( жоқ)
250000 тенге қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?(нөл)
500000 тенге Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем? (сүйем)
1000000 тенге XVIII ғ. ортасында “>”, “<” таңбаларын кім енгізді? (Пьер Буге)
Егер сіздер мииллионды ұтып алсаңыздар ең бірінші әрекеттеріңіз қандай?
Көңілді тапқыштар,білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек дей келе « Тапқырлар » тобын ойын алаңына шақырамыз.
Сұрақтар:
-Көңіл күйлеріңіз қандай?
- егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер?
-Қолдарыңа ұстап ,жұмсаған ең көп ақша саны қандай?
- ойын шарты сіздерге түсінікті ме?
Ойын шарты түсінікті болса назарларыңыз экранда болсын
2 топ Тапқырлар тобы
1 –кезең
100 тенге 5-6 сынып математика оқулығының авторы кім? (Алдамұратова)
200 тенге Үстел басында 1 ата ,2 әке, 2 баласын отыр. Үстел басында қанша адам отыр (3 кісі)
300 тенге 17 жай сан ба,құрама сан ба? (жай сан )
500 тенге Тәулік қай кезде қысқа? Қыста ма әлде жазда ма? (тең )
1000 тенге Жерлес жазушыларымызды ата? (О.Бөкеев,Қ.Ысқақов, Д. Әшімханов, Ә. Асқаров , Т.Рақымжанов т.б.)
1 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба,әлде мың теңгені аламыз ба?
-Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер?
-Оңай жолмен ақша табу дегенді қалай түсінесіздер?
-Жолдан ақша таптыңыздар ма? Сіздердің іс-әрекеттеріңіз қандай болды?
2 кезең
2000 тенге Санның жүзден бір бөлігі ? ( процент )
4000 тенге Бір аптада неше минут бар ? (10080 минут )
80000 тенге Таңбалары әр түрлі санды қалай қосамыз?
16000 тенге Баяғыда бір жалғыз кемпір болыпты.Бір күні ұрыларосы кемпірдің үйін тонамақ болып келсе,ол әндетіп отыр екен.“Сапырып, сапырып Сарманға бер,
Құйып, құйып Құрманға бер, Есіктегі екеуге бер,Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер.”Ұрылар:”Бұл үйде кісі көп, әрі бізден екі есе артық екен деп кетіп қалыпты.Бұл үйде адам нешеу, Ұры нешеу? (5,10)
32000 тенге «Алтын балық ертегісінде балықшы қанша уақыт балық аулады ?»
(33)
2 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба,әлде барға қанағат тұтамыз ба?
-Қаражатты үнемдеп ұстау қажет пе?
-Қалай үнемдеуге болады?
-Ақша табу оңай ма әлде қиын ба?
3 кезең
64000 тенге Қай сағат тәулігіне 2 рет дұрыс уақытты көрсетеді?
(тоқтап тұрған сағат . )
125000 тенге Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек? (40)
250000 тенге Бес асыл іс-? (Талап,еңбек,рақым,терең ой,қанағат )
500000 тенге Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)
1000000 тенге Ең алғаш ондық бөлшекті санау жүйесіне енгізген математик?
(Коши)
Ғалымдардың пікірі бойынша Англияда миллионерлердің пайызына байлық мұрагерлік жолмен берілген екен, ал қалған пайызы қандай жолмен6 айла –тәсілмен байыған деп ойлайсыңдар?
Ақшаның қандай жолмен келгенін қалайсыздар?
Көрермендерге сұрақ.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?
Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)
Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен) ( 4 сағат)
Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)
Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды. ( Циркуль)
Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10)
Қорытынды шығару:
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
«Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127
Қорытындылау :
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)
Тәуелсіздік пен егемендігімізге бас иеміз әрқашан.
Бір-біріне тілек айту
Ойынымызға қатысушыларға сый ретінде әнді қабыл алыңыздар!
Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет,мың рахмет