Қазақша
математиктер сайты

Нүкте. Сызық. Сәуле - ашық сабақ

Нүкте. Сызық. Сәуле - ашық сабақ
Ашық сабақтар
16:50, 04 қараша 2019
4 737
0

Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Математика

Ортақ тақырып: «Өзім туралы»,
«Менің мектебім»
Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі:
1.3.В бөлім – Геометриялық фигуралар

Мектеп: БҚО Байтерек ауданы Көшім
ЖОББ «мектеп-балабақша» кешені.
Сынып: 1 Мұғалімнің аты-жөні: Исламбекова Гаухар Талғатқызы

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Нүкте. Сызық. Сәуле
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.1.1. геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған емес сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш) таниды, атайды.
Көптеген оқушылар: геометриялық фигураларды атайды және ажыратады, ресурстар арқылы, өз дене мүшелері арқылы көрсетеді.
Кейбір оқушылар: геометриялық фигураларды атайды, ажыратады, қоршаған ортадан сәйкестік тауып айтады, өз үлгілерін құрастырады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика және терминалогия
Түзу, қисық сызық, сәуле, бұрыш, тұйықталған сызық, тұйықталмаған сызық, нүкте, сызық.
Үш тілділік
Нүкте, сәуле, түзу, кесінді, бұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш атауларын атау.
Диалог жазуға пайдалы тіркестер:
1.Бұл пішіндердің қандай ортақ белгілері бар?
2.Осы геометриялық фигураларды қайда кездестіруге болады?
3.Ол фигуралар неден жасалған және қалай құрылған?
Құндылықтарды дарыту
Өмір бойы білім алу.
Тапсырмаларды орындай отырып, өз білімдерін тереңдету, өмір қажеттілігіне қолдану.
Ынтымақтастық.
Топтасып жұмыстануда бірлікке шақыру
Еңбек және шығармашылық
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында кеңістікті бағдарлауды және пішіндерді дұрыс орналастыруға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек: ермексаз, қағаз, желім, т.б. заттардан геометриялық фигура құрастырады, суретін салады.
Жаратылыстану: Геометриялық пішіндер өмір қажеттілігінде қаншалықты маңызды екенін түсінеді.
Дене шынықтыру: сергіту сәтінде геометриялық фигураларды құрау барысында дене қимылдарын жасайды.

АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Бастапқы білім Оқушылар заттарды жасалған материалдары бойынша ажыратып, айырмашылығын анықтай алады.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
 (Ұж) Өткенге шолу ( ұжымда )
- Заттарды қандай белгісі бойынша салыстыруға болады? ( пішіні, түсі, өлшемі )
- Сыныптан түстері бірдей екі затты тап.
- Пішіндері бірдей екі затты тап.
- Өлшемдері бірдей екі затты тап.
ҚБ: «Қолпаштау» әдісі бойынша мұғалімнің мадақтауы.
«Жарайсыңдар!», «өте жақсы!», «керемет!».
Ширату. «Ажыратып, атап көр».
Оқушыларға стикерлерге жазулы тұрған (нүкте, сызық, сәуле) геометриялық фигураларды үлестіру. Барлық оқушы оңға бұрылып бір-бірінің арқасына қолдарындағы геометриялық фигураның суретін салып, жасырады. Алдындағы оқушы табады. Солай жалғасады.
3 топқа бөлу (Нүкте, сызық, сәуле)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, бүгін біздер сабақта нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышпен танысып, атап, бір-бірінен ажыратып, суретін салуды үйренеміз.

Топтарға қойылатын сұрақтар:
- Осы геометриялық фигураларды қайда кездестіруге болады?
- Ол фигуралар неден жасалған және қалай құрылған?
Стикерлер, геометриялық фигуралар
Сабақтың ортасы 27мин
- Қоршаған ортаны сызықтар мен нүктелер арқылы бейнелеуге болады.
Нүкте мен сызық – қарапайым геометриялық фигуралар.


Сәуле -түзу сызықтың бөлігі. Сәуленің басталу нүктесі бар, бірақ оның аяқталу нүктесі болмайды. Сызықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады. Тұйықталмаған сызықтардың екі ұшы болады. Тұйықталған сызықтардың ұштары болмайды.
Бір нүктеден екі сәуле сызсақ, онда бұрыш пайда болады.
Сөздікпен жұмыс:
Нүкте – точка - point
Сәуле – луч - luz
Түзу – прямой – direct
(оқушыларға үш тілде қайталап айтқызу)
1-тапсырма. (Тж) «Іздестір» әдісі.
Суреттен нүктелер мен сызықтарды тап. (ауызша орындау)
ҚБ. «От шашу» әдісі арқылы бағалау
Әр топ бір-бірін жоғары қарай қол шапалақтау арқылы бағалайды.
ҚБ критерийі:
- Біреуін тапса бір рет қол шапалақтау.
- Екеуін тапса екі рет қол шапалақтау
- Екеуден көп болса көбірек шапалақтау


2- тапсырма. «Көру» әдісі.
Нүктелерді сал.
-Зымыранның жұлдыздарға барған жолын сыз.
-Күн сәулесін толықтырып сыз.
«Қарқын»
Қарқын арқылы саралау, жұмысын тез аяқтаған оқушыға қосымша ресурстар беру.
Қосымша ресурстар
Фигураларды ортақ белгілері бойынша топтастыр
Берілген геометриялық фигураларды пайдаланып, кеме немесе зымыран құрастыр.
Сергіту сәті: (Ұж) «Тез құра» әдісі.
Балалар тобымен шеңбер болып тұрады. Оларға геометриялық фигуралар айтылады. Олар сол айтылған фигураларды өздері орындарын ауыстыру арқылы құрайды.
Балалардың көңіл-күйін «от шашу» әдісі арқылы қолпаштаймыз.
3-тапсырма. (Өж) «Ойлан, тап»
Саралау тапсырмасы.
Оқушыларға деңгейлеріне қарай 1, 2, 3 деген сандар үйлестіріледі.
Деңгейлік тапсырмалар А-1, В-2, С-3 болып белгіленеді.
- Балалар, мен қазір қай санды атаймын, солар маған келіп қолымдағы тапсырмаларды алады.
А-1 деңгейіне: Нүкте, сәуле, бұрыштың суретін салу.
Дескриптор:
- Нүктені салады
- Сәулені салады
- Бұрышты салады
В-2 деңгейіне: Кесінді, қисық сызық, түзуді пайдаланып геометриялық фигураларды салу.
Дескриптор:
- Бір фигура салады
- Екі фигура салады
- Үш фигура салады
С-3 деңгейіне: Сынық, тұйықталмаған, тұйықталған сызықтарды пайдаланып табиғатта, мектепте көріп жүрген заттардың суретін салу, бояу.
Дескриптор:
- Бір заттың суретін салады
- Екі заттың суретін салады
- Үш заттың суретін салады
ҚБ: «Білезік» әдісі бойынша бағалау.
- мұғалімнің бақылауымен оқушылардың орындаған жұмыстары қолдарына түрлі түсті білезік кигізу арқылы бағаланады.
ҚБ критерийі:
Жасыл – Барлығы дұрыс орындалса;
Сары - Екі қатесі болса;
Қызыл - Екі қатеден көп болса;
Сабақты бекіту
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Бағалау критерийі: Білім алушы
- Геометриялық фигураларды ажыратады және атайды
Тапсырма:
(ТЖ) Суретке мұқият қара. Геометриялық фигураларды атауымен сәйкестендір.
Дескриптор
Білім алушы
- Геометриялық фигураларды ажыратады.
- Геометриялық фигураларды атауымен сәйкестендіріп сызады.
ҚБ. «Жұлдызша» әдісімен бағалау
Тапсырманы қалай орындағананына қарай жұлдызша беру арқылы өзара бағаланады.
ҚБ критерийі:
8 фигураны тапса;
5-6 фигураны тапса;
3-4 фигураны тапса;
Жіп, маркерлер, ақ парақ, сым, сіріңке, санау таяқшалары, пластилин, қағаз жолақтары, желім және т.б
https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/07aa/00161431-106e192a/img9.jpg
Сабақтың соңы 5 минут
Кері байланыс
ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағалау
Оқушылар өздерінің сабақта алған білімдерін қай баспалдақта тұр деп ойлайды соған барып қызыл, сары, жасыл стикерлерді жапсыру арқылы өздерін бағалайды.
Бірінші баспалдақ (қызыл): геометриялық фигураларды атай аламын.
Екінші баспалдақ (сары): геометриялық фигураларды атай аламын, ажырата аламын.
Үшінші баспалдақ (жасыл): геометриялық фигураларды атап, ажыратып, қоршаған ортадан тауып, құрастыра аламын.
https://cdn2.arhivurokov.ru/multiurok/html/2017/11/23/s_5a16ae9383637/img5.jpg
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Әрбір жеке оқушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында саралау тапсырмасын қолдандым.

Тапсырма
Оқушыларға білім деңгейі әртүрлі тапсырмалар беріледі. Барлығы өз деңгейлеріне қарай алға жылжып отырады.

Қарқын:
Жылдам жұмыс жасайтын балалар, жай жұмыс жасайтын балаларға көмектеседі.

Қорытынды:
Барлық оқушыларға мақсатқа бағытталған тапсырмалар бере отырып, әрқайсысының өздерінен не күтетіндеріне көз жеткізеді.

Диалог және қолдау көрсету.
Сабақтың мақсатын ашу, оқушыларға сұрақтар қоямын. Тапсырмалар орындау барысында деңгейіне қарай қолдау көрсетіледі.

Бағалау.
Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әр тапсырма соңында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Соңында түзету жұмыстары жүргізіледі.

Жіктеу.
Саралау тапсырмаларын орындауда талаптары әртүрлі оқушыларға А, В, С деңгейіндегі өздік, топтық тапсырмалар берілді.
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


(Ұж) Ширату. «Ажыратып, атап көр» әдісі бойынша геометриялық фигураларды, атап, анықтау арқылы сабақ мақсаты ашылады.

ҚБ. «Қолпаштау» әдісі бойынша мұғалімнің мадақтауы.
«Жарайсыңдар!», «өте жақсы!», «керемет!».

(Тж) «Іздестір» әдісі арқылы суреттен нүктелер мен сызықтарды табады.

ҚБ. «От шашу» әдісі арқылы бағалау
Біреуін тапса бір рет, екеуін тапса екі рет, одан көп тапса көбірек шапалақтау.

Сергіту сәті:
(Ұж) «Тез құра» әдісі.
Балалар тобымен шеңбер болып тұрады. Оларға геометриялық фигуралар айтылады. Олар сол айтылған фигураларды өздері орындарын ауыстыру арқылы құрайды.
Балалардың көңіл-күйін «от шашу» әдісі арқылы қолпаштаймыз.

(Өж) «Ойлан, тап»
Оқушыларға деңгейлеріне қарай 1, 2, 3 деген сандар үйлестіріледі.
Деңгейлік тапсырмалар А-1, В-2, С-3 болып белгіленеді.
Саралау тапсырмалары:
А деңгейіне: Нүкте, сәуле, бұрыштың суретін салу.
Дескриптор:
- Нүктені салады
- Сәулені салады
- Бұрышты салады

В деңгейіне: Кесінді, қисық сызық, түзуді пайдаланып геометриялық фигураларды салу.
Дескриптор:
- Бір фигура салады
- Екі фигура салады
- Үш фигура салады

С деңгейіне: Сынық, тұйықталмаған, тұйықталған сызықтарды пайдаланып табиғатта, мектепте көріп жүрген заттардың суретін салу, бояу.
Дескриптор:
- Бір заттың суретін салады
- Екі заттың суретін салады
- Үш заттың суретін салады

ҚБ: «Білезік» әдісі бойынша бағалау.
- мұғалімнің бақылауымен оқушылардың орындаған жұмыстары қолдарына түрлі түсті резеңке білезік кигізу арқылы бағаланады.
ҚБ критерийі:
Жасыл - Барлығын дұрыс орындаса
Сары - Екі қатесі болса
Қызыл - Екі қатеден көп болса

(Тж) Суретке мұқият қара. Геометриялық фигураларды атауымен сәйкестендір.
ҚБ. «Жұлдызша» әдісімен бағалау
Тапсырманы қалай орындағанына қарай қызыл, сары, жасыл жұлдызшаны беру.
Дескриптор. Білім алушы
- геометриялық фигураларды ажыратады;
- геометриялық фигураларды атауымен сәйкестендіріп сызады.

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы жүзеге асады.
Оқушылар өздерінің сабақта алған білімдерін қай баспалдақта тұр деп ойлайды соған барып қызыл, сары, жасыл стикерлерді жапсырады.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды топқа бөлу және интербелсенді тақтаны қолдануды, уақытты қадағалау. Сонымен қатар топтық, ұжымдық тапсырмаларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертіп отыру.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*