Функцияны зерттеу және оның графигі - 10 сынып
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға функциялардыңқасиеттерінқолдана отырып, оны зерттеуді және зерттеу негізінде графигін салуды үйрету; сеп шығару дағдысын қалыптастыру.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Өткен сабақты қайталау:
1) Тақ функция?
2) Жұп функция?
3) Периодты функция?
4) Өспелі функция?
5) Кемімелі функция?
6) Функциясының минимум нүктесі?
7) Функциясының максимум нүктесі?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Функцияны зерттеу төменгі алгоритм бойынша жүргізіледі:
1) Функцияның анықталу облысын табу;
2) Функцияның тақ, жұптығын анықтау. Егер функция не тақ, не жұп болса, онда ол анықталу облысындағы аргументтің тек оң мәндер аралығында зерттеледі және тақ, жұп функциялардың графигі туралы қасиет пайдаланылады;
3) Функцияның периодтылығын анықтау. Егер функция периодты болса, онда бір период аралығында ғана зерттеледі;
4) Графиктің координаталар оьтерімен қиылысу нүктелерін табу;
5) Функция таңбасының тұрақтылық, өсу, кему аралықтарын, экстремумын табу, шектелгендігін анықтау;
6) Анықталу облысына кірмейтін нүктелер аймағында және аргументтің модуль бойынша шексіз үлкен мәндерінде функцияның өзгеру сипатын зерттеу;
7) Зерттеу нәтижелері бойынша график салу;
Жүктеу: