Қазақша
математиктер сайты

Рационал сандарға амалдар қолдану (6 класс)

Рационал сандарға амалдар қолдану (6 класс)
Ашық сабақтар
17:52, 19 ақпан 2013
8 368
0

Сабақтың мақсаты: 1.оқушыларды рационал сандарға қолданылатын амалдарды орындауға жаттықтыру; 2. рационал сандарға амалдар қолдану ережелерін меңгерту; 3.рационал сандарды дұрыс жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: «Биоақпараттандыру және синергетика» жобасының «Жаттықтырғыш» картасы.

Сабақ жоспары:

1. Сергіту. -1*2,-1*3,-1*4,-1*5,-1*6,-1*7,-1*8,-1*9.

2. Берілген тақырып бойынша ережелерді қайталау. ОӘЖӘ бойынша.

- Тапсырмаларды орындаудың алгоритмі толық түсіндіріледі.

- Жаттықтырғышта әр КЭФ тапсырмаларының 50-60 нұсқасы бар.

- Барлық тапсырмалар блокта 10-нан бөлінген.

- Тапсырмаларды орындау уақыттары сақталуы шарт. Әр топтың жұмысты аяқтау уақыты 3+30.

3. КЭФ бойынша үш тапсырманы орындап, нәтижесін тексеру және үш топқа бөлу.

Альфа (ТКШ, АКШ, ЖКШ), бетта(ТКШ, АКШ), гаммаға(ТКШ). Альфа тобынан үш сарапшы таңдалып, үш топқа бекітіледі. 1.Игильманова С; 2. Ділжанова Ж, 3. Ержанова А.

4. Әр топ өз деңгейінен 10 тапсырма орындайды. Сарапшылар 5 тапсырмадан орындайды. Жұмыстың аяқталуы 3+30 (үш оқушы болған соң, 30 секундтан кейін жұмыс аяқталады). Мұғалім альфа тобын, сарапшылар қалған екі топтың жұмысын тексереді.

5. Тапсырмалар тексеріліп 9-10 тапсырма дұрыс болса, есепке аламыз. Топтардан ауысу жүреді. Дұрыс не бұрыс орындағандар келесі топқа ғана көше алады. 4-5 тапсырманы ғана дұрыс орындағандар төменгі топқа түсіріледі.

6. Қателерді талдау.

7. Келесі он тапсырманы орындайды. Оқушылар 30-дан кем емес тапсырма орындау керек. Карта «Альфа» тобында оқушылардың 63% -ы отырғанда аяқталады. Класта 26 оқушы бар. 17 оқушы «Альфа» тобында отыруға тиіс.

8. Барлық оқушылар бағаланады. Альфадағылар – «5», беттадағылар – «4», гаммадағылар – «3».

9. Үйге тапсырманы бетта және гаммада отырғандарға беру керек.

10. Қорытындылау



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*