Шағын несие және оны қайтару. Ғылыми жоба
Шағын несие және оны қайтару. Ғылыми жоба
(математика, қолданбалы математика секциясы,тарауы ҚАЗАҚСТАН-2030
стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдер!.)
Жетекшісі: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі
Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Орындаған: №24 орта мектептің оқушысы
Дәкібаева Гүлнұр Бақытбекқызы
Оқушы осы бағдарламадағы шағын несиені 18айдан аспайтын мерзімінде қайтарудың ауылдық жерлерге, егін мен мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер үшін өте қысқа мерзім екенін зерттеу жұмысында дәлелдеп берген. 18 айға нақты бизнес-жоспар жасалып математикалық құрылғымен бере білген.
Жоспар:
1. Кіріспе:
Шағын несиені алу
2. Негізгі бөлім:
Шағын несиені қайтару жолдары
3. Қорытынды:
Шағын несиені 18айда қайтарудың тиімсіз екендігі. (ауылдық жердегі кәсіпкер үшін)
№ 24 мектептің 10 класс оқушысы Дәкібаева Гүлнұрдың «Шағын несие және оны қайтару» тақырыбына жазылған зерттеу жұмысына пікір.
Үкіметіміз халықтың әлеуметтік және экологиялық жағдайын жақсарту, кедейшілікті төмендету, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, жеке және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, шағын бизнесті өркендету мақсатында Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етілген азаматтарын шағын несиелендірудің бағдарламасын жасап бекітті. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998жылғы 12ақпандағы №103 қаулысымен бекітілген)
Оқушы осы бағдарламадағы шағын несиені 18айдан аспайтын мерзімінде қайтарудың ауылдық жерлерге, егін мен мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер үшін өте қысқа мерзім екенін зерттеу жұмысында дәлелдеп берген. 18 айға нақты бизнес-жоспар жасалып математикалық құрылыммен бере білген.