Нарықтық экономика жағдайында материалды тиімді пайдалану
Нарықтық экономика жағдайында материалды тиімді пайдалану
(Бөлім: Экономика. Секция: Құқықтану, Экономика.
Тарау: «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының әлеуметтік,
экономикалық және заңды аспектілері.)
Жетекшісі: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі
Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Орындаған: №24 мектептің 10 сынып оқушысы
Дәкібаева Гүлнұр Бақытбекқызы
Үрмаш Түктібаев атындағы №24 мектептің ХІ сынып оқушысы Г. Дәкібаеваның «Нарықтық экономика жағдайында материалды тиімді пайдалану» зерттеу жұмысы туралы пікір
Осы ғылыми жұмысты жазуына мектеп бітіруші жас түлектің қазіргі кезеңде мектеп бағдарламасы бойынша алып отырған білімін болашақ өмірде қай жерде пайдалана аламын,- деген ойы себеп болған.
Алдағы уақытта мектеп бітіруші түлектер өз білімдерін практикалық іс-әрекеттерде пайдалана білсе,- деген ойын ашық көрсете білген.
Материалды шығынсыз пайдалану тәсілдерін білу,қолда бар материалды ұқыпты пайдалануға үйретеді.Сондықтан да еңбек тәжірибелерін мектеп қабырғасында –ақ оқушылардың бойына дарыта берсе оқытудың сапасы артады.
Қазіргі уақытта жаңа бағдарлама бойынша шығарылған (Еңбек.3кл.) оқулықта матадан қалдық қалдырмай үшбұрыш және шаршы қиықтарды пайдаланып,құрақ құрау тәсілдері үйретіледі.Бұл да оқушыларды ұқыптылыққа, ысырапқа жол бермеуге тәрбиелейді.
Ал жоғарғы сынып оқушыларына алдағы уақытта жаңа бағдарлама бойынша өндірістік,экономикалық білім берілсе, математиканың кез- келген салада қолданылатындығын көрсететін практикалық мазмұнды есептер көптеп енгізілсе,- деген ойын оқушы өз жұмысында білдіреді.