Күрделі функцияның туындысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің
математика пәнінің мұғалімі
Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Сабақтың тақырыбы: Күрделі функцияның туындысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Күрделі функцияны құра білу немесе күрделі функцияны элементар функцияларға жіктей білу дағдыларын меңгерту;
Күрделі функцияның туындысын табу ережесімен таныстырып, оны дұрыс қолдану машықтарын қалыптастыру;
Дамытушылық: Есте сақтау,ойлау,жылдам есептеу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,жауапкершілікке,мақсатқа жете білуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы;
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,деңгейлеп оқыту;
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,тест, деңгейлік тапсырма;
Сабақтың формасы: Жұптық,ұжымдық, өз бетінше білім алу;
Пәнаралық байланыс: Математика,информатика; физика
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
А) Амандасу;
Ә) Оқушыларды түгелдеу;
Б) оқушылар назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
а) « Білгенге маржан » Оқушылардан формуланы сұрау
ә) Сұрақ-жауап:
1.Қозғалыстағы дененің жүрген жолынан уақыт бойынша алынған туындысы?
Жауабы: а)жылдамдық; б) үдеу; в)қашықтық.
2.Жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысы?
Жауабы: а) күш б) қуат в) үдеу
3.Туындының геометриялық мағынасы ?
Жауабы: а) функцияның графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық
коэффициенті;
б) функцияның графигіне жүргізілген жанама
в)Туынды
4.Туындының физикалық мағынасы?
Жауабы: а) салмақ б)лездік жылдамдық; в) тығыздық
5. Функцияның туындысының табу амалы?
А) интегралдау
Б) өсімше
В) дифференциалдау