Қазақша
математиктер сайты

Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару

Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Ашық сабақтар
20:41, 20 ақпан 2013
7 419
1

Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару


Мақсаты:
1) Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын жетілдіру.
2) Дамытушылық: теориялық білімін практикада ұштастыра отырып ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: оқушылардың білімділігін арттыру, жауапкершілікке, өзіне сенімділікке, нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу.


Түрі: бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ – жауап, тест, сто элементтері
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелер
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Білімді тексеру «Ой қозғау»
4. Білімді жүйелеу
5. Ойды іске асыру
6. Сен маған, мен саған
7. Тест тапсырмалары
8. Үйге тапсырма
9.Қорытындылау. Рефлексия
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Сынып оқушыларын түгелдеу.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен танысу.
ІІ. Үйге берілген №121 (1,3), №129 (2,4), №132 (1,3) есептердің шығарылу барысын, шығару жолдарын тексеру.
ІІІ. Ой қозғау. Өтілген бөлім бойынша теориялық материалды қайталау
1. Қандай теңдеуді квадрат теңдеу дейміз?
2. Неге квадрат теңдеудің анықтамасында бірінші коэффицент а≠о?
3.Толымсыз квадрат теңдеулер дегеніміз не?
4. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
5.Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
6.Теңдеуді шешу дегеніміз не?
7.Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?
ІҮ. Білімді жүйелеу.
Кестедегі бос орынды толтыр.
ax2 + bx + c = 0, a > 0
V. Ойды іске асыру. Топпен жұмыс

І топ ІІ топ IІІ топ
Графиктік тәсілмен шеш Формуланы пайдаланып шеш Басқа тәсілмен шеш
x2-x+1=0 2x2+3x+1=0 3x2+10x+7=0
x2-2x-3=0 x2-4x-5=0 3x2-10x+7=0
x2+3x+2=0 5x2-6x+1=0 x2-3x+2=0


VІ. « Сен маған, мен саған». Оқушылардың бірін-бірі тексеруі
Әр топ өзінің қарсыласына дайындап әкелген есептер беріп, жауаптарын тексеру.

VІI. Тест тапсырмалары:

1. a = -3, b = 8, c = 5 болса, онда ax2+bx+c=0 теңдеуін жаз.
a) 3x2+8x+5 b) -3x2+8x-5 c) -3x2+8x+5=0 d) -3x2-8x-5=0

2.-5x2+3x+8=0 теңдеуін шеш
a) 1,6; -1 b) 1; -1,6 c) -5; 8 d) 8; -5

3.Қай сан x2-3x-10=0 теңдеуінің түбірі болады?
a)5 b) -5 c) 3 d) -2
4.X2- =0 теңдеуін шеш
a) -; b) -; c) -; d)-;
5. 4x2-2x=0 теңдеуді шеш
a) 0; 2 b) 0; c) 0; - 0,5 d) 0; -2

1 2 3 4 5
c a a c b

VІII. Үйге тапсырма: «Квадрат теңдеу және олардың түбірлерінің формуласы» тақырыптары бойынша өтілген материалдарды қайталау. №135 (2,4), №136 (2,4), №141 (3).

ІХ. Қорытындылау. Әр топ мына сөйлемді жалғастыруы керек: Рефлексия
1. Мен таңғалдым .................
2. Мен ойланып қалдым ..............
3. Менде сұрақ бар ...............



Пікірлер саны (1)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Бектемир
    Бектемир 18 қараша 2014 17:25
    керемет екен!