Matematik.kz
Мәзір
Matematik.kz
  • Басты бет
  • Жоспарлар
    • Қысқы мерзімді жоспарлар
    • Орта мерзімді жоспарлар
  • Ашық сабақтар
  • Флипчарт
  • Есептер
  • Видео
  • Ертегілер
  • Тесттер
    • ҰБТ-ге дайындық
    • ОЖСБ дайындық
    • Басқа тесттер
  • Басқалар
    • Математика тарихы
    • Бағдарламалар
    • Әдістемелік қоржын
    • Бақылау жұмыстары
    • Презентациялар
    • Викторина
  • Сертификат алу
Ашық сабақтар

Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару

handle 21-ақп, 2013, 19:29 1 4 818 Басып шығару
+10
1
1

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, Қабанбай ауылы.
Б.Майлин атындағы орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі:
Юсбекова Анар Пазылбекқызы

Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару.
Сабақ мақсаты.
• Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмін айта білуге үйрету және оны есеп шығаруда пайдалана білуге дағдыландыру;
• Ондық бөлшектерге есептер шығаруда тиімді есептеу үшін қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру.
• Ондық бөлшектерді дұрыс оқуға үйрету.
Сабақ түрі. Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.
Әдісі. «Математикалық футбол» ойыны.
Көрнекілігі: таратпа материалдар - доптар, слайдтар, футбол ойыны.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады.
1. Оқушылық деңгей. ( үй жұмысын тексеру, ауызша сұрақтар)
2. Алгоритмдік деңгей. (алгоритмдік есеп)
3. Эвристикалық деңгей. (Математикалық лото)
4. Шығармашылық деңгей. (Есеп шығару)
5. Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру.

Жүрісі. І.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, сабаққа ынтасын аудару.
Сыныпты екі футбол командасына бөлу. «Ертіс» және «Қайрат» командалары.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №1011.
ІІІ. Негізгі бөлім. І саты. Сұрақтар.
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
3. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
4. Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?
5. Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз?
6. Қағазға жазылған ондық бөлшектерді оқыту.
7. Қазақстанның қандай футбол командаларын білесіңдер? Әйгілі футболистерді білесіңдер ме?
ІІ саты. Алгоритмдік саты.
Таратпа материалда жазылған есептерді орындау. Екі топқа екі алгоритмді жіберу, соңғы оқушы жауабын айтады.

1) 2,5+0,7=…-2.3=…*0.12=… :3 =…+14.01=… -2.521=
3.2 0.9 0,108 0,036 14.046 11.525
2) 6.5+0.3=…-3.13=.. *0.2=… :0,5=…+13.01=… - 4.024=
6.8 3.67 0,734 1.468 14.478 10.454



ІІІ саты. Эвристикалық саты. Математикалық футбол ойыны. Қағаздағы есепті тақтаға шығару.
Ойынның шарты:
1. Сыныпты екі командаға бөлу.
2. Интерактивті тақтадан алдын ала жасалған футбол алаңын шығару. Алаңда ойыншылардың суреттерінің жанында таратпа материалдардағы есептердің жауабы жазылады.
3. Әр командадан бір оқушыдан шығарып, қолдарына таратпа материал (карточкалар) беру. Әрбір қағазда 4 есеп жазылады, ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу. Бір оқушы тақтаға есеп шығарып, жауабын футбол алаңынан тауып, келесі жауапқа қаламмен сызады. Бірінші жауап алаң ортасында болады. Ең соңғы дұрыс жауап қарсылас команданың қақпасының жанында болады. Соңына бірінші жеткен команда екінші командаға гол теуіп, жеңіске жетеді. Оқушылар екі топтан кезекпен тақтаға шығып отырады. Отырған оқушылар әр команда өз есебін орындарынан орындайды.
Ойын есебі есеп тақтасына жазылады.
Есептер:

1. 60,3 + 5,4= 65,7 10,9 - 3,6= 7,3 15,5 * 1,2=18,6 3,2 : 0,25=12,8
2. 0,605+ 1,3=1,905 1,23 - 0,6=0,63 60,5 * 0,2=12,1 0,036:0,09=0,4
3. 2,6 + 5,31 =7,91 8,96 -3,6 = 5,36 21,3*0,5 = 10,65 5,85 :3,25 =1,8
4. 8,6 + 0,3 =8,9 1,8 - 0,6 =1,2 1,3 * 0,25 = 0,325 8,5 : 0,5 =17
5. 3,5 + 2,3= 5,8 4,3 - 2,6= 1,7 9,53 * 0,1= 95,3 0,45 : 0,3=1,5
6. 7,5 + 3,3= 10,8 9,3 - 4,6=4,7 9,5 * 0,12=1,14 4,5 : 0,3=15
7. 17,5+ 13,3= 30,8 69,3 - 14,6=54,7 2,7 * 4,3= 11,61 2,66 : 3,8=0,7
8. 2,82 + 2,2 =5,02 17,5 - 5,9 =11,6 0,25* 3,6 =0,9 1,23 :0,41 =3
9. 9,9 + 25,3= 35,2 4,92 - 4,6=0,32 9,75 * 0,2= 1,95 9,9 : 4,5=2,2
10. 1,92+81,3 =83,22 13,3 - 0,3 =13 0,24* 0,5 =0,12 8,96 :0,16 =56
11. 13,8 + 5,3= 19,1 9,75 - 2,55=7,2 26 * 0,12=3,12 25,25:0,25=101
12. 8,6 + 0,3 =8,9 1,8 - 0,6 =1,2 1,3 * 0,25 = 0,325 8,5 : 0,5 =17



ІҮ. Шығармашылық деңгей.
«Қазақстан футболистері» және «Әлемге әйгілі футболистер» тақырыбындағы екі топтың рефераттарын оқу.
Сабақты қорытындылау.
Қорытындылау. Жеңген команданы марапаттау, бағалау.
Үйге: 1175 есеп, 292-бет.

1
  • Ілмек сөздер

Ұқсас жаңалықтар

2013 жылғы білім грант иегерлерінің тізімі..

22-там, 2013, 12:54 0

Ресейдегі "Ашық сынып" желілік қоғамдастығы..

22-қаз, 2014, 21:40 0

Алгебрадан тест (7 сынып)..

28-қыр, 2012, 15:04 41

"Matematik.kz" журналы: Бірінші шығарылым..

24-мамыр, 2016, 21:23 4

Математикалық талдау, Лекциялар...

20-мау, 2016, 20:06 1

2 сыныпқа арналған бақылау жұмысы..

15-қаз, 2012, 17:58 14

Пікірлер(1)

  1. Жадыра жазды:
    6 сәуір 2017 18:40
    Өте жақсы құрылған сабақ

    Рахмет! Еңбегіңізге жеміс тілеймін.
    Жауап беру

Пікір қосу

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent

Жаңарту, егер код көріңбесе

1

Танымал жаңалықтар

  1. 8- сыныпқа арналған геометриядан 4-тоқсандық бағалау..

    Математикадан бақылау жұмыстары 76
  2. Кездейсоқ оқиға және ықтималдық..

    Қызықты сұрақтар 9
  3. 6 сынып тест тапсырмалары..

    Тест тапсырмалары 54
  4. 9- сынып математика..

    Математикалық сауаттылық 37
  5. Логикалық есептер.1-4 сынып...

    Ашық сабақтар 15

Жаңа пікірлер

  • Нурислам жазды Екі қатынастан құралған есеп.Ең бастысы пропорцияда екі қатынастың екі шеткісімен екі ортанғы
  • Жанар жазды жақсы жазылған
  • Саягүл жазды Жеті картаға 1 2 3 4 5 6 7 сандары жазылған.Карталар әбден араластырылғаннан кейін кез келген

Сауалнама

Біздің сайтты қайдан таптыныз?

Кездейсоқ жаңалықтар

  • "Сенім" зерттеу тобының қорытынды фотоматериалдары..

    08-сәу, 2016, 01:41 1
  • Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (11 класс)..

    01-қыр, 2012, 15:22 1
  • Математикалық білім беру сапасы: проблемалар мен..

    14-мау, 2012, 21:45 2

Ілмек сөздер

2012 5 класс 5 сынып 6 сынып Кенгуру ОМЖ Орта мерзімді жоспар алгебра геометрия дипломдық жұмыс дипломка жүктеу математика математика сайыс сабақ жоспарлар сабақ жоспарлау сабақ жоспары тегін ҚМЖ Қысқы мерзімді жоспар
Барлық тегті көрсету
1

Matematik.kz
Яндекс.Метрика
Copyright © 2011-2019. Matematik.kz - қазақша математиктер сайты.
  • Басты бет
  • Сайттың мақсаты
  • Жаңалық қосу
  • Бізге жазу
Сайтқа кіру

Құпия сөзді қайта алу

Сайтта тіркелу