Қазақша
математиктер сайты

Сынып математигі

Сынып математигі
Ашық сабақтар
19:37, 21 ақпан 2013
5 503
2

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы,
№ 182 мектептің математика пәні мұғалімі
Ахметова Мархаббат Жанайқызы

Сынып математигі
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан – жақты толықтыра отырып, олардың біліктерін.қосымша материалдар ізденіп, меңгеруін қадағалау.шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Білімділік: І тоқсан бойынша алған білімдерін осы сайыс барысында көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын жан – жақты дамыту, сабаққа деген құштарлығын ояту, өзара ой бөлісу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бір жүйелілікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу.
Оқушыларды орын – орнына отырғызу.

Кіріспе.
1.Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген оқырман
Қиындыққа жеткізер.
2.Бүгінгі кеш қызықты
Көрермендер халайық
Ми – түйсікті қозғап қазір
Биікке қанат қағайық.

Армысыздар, жиналған қауым,ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар!
1.Ал оқушылар,ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шығып келеді
Қол соғып қарсы алайық.
Кездесер сәтте бүгінгі,
Жүректер дүрсілдеуде.
Қырандай қанат қолдап
Жарысқа келдіңдер ме?

2.Бәрі де қолдарында,
Қандай жол таңдайсыңдар.
Туған ел,жер бағында
Жарқырар таңдарсыңдар.
Өмірге талаптанған,
Өршіл ой – армансыңдар.
Қиялға қанаттанып,
Алысқа самғарсыңдар – дей келе, сайыскерлеріміз жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, сыныбымыздың үздік математиктерін ортаға шақырамыз. Қарсы алайық:

1.Аязбай Балғабек
2.Әбдікер Әбдімұрат
3.Оспан Эленора
4.Сәду Әлішер
5.Шынберген Нұрай
6.Темірбек Рамазан
7.Шәгіл Еламан
Сонымен, құрметті көрермендер,сайысымызды бастаймыз. Сайысымыздың алғашқы туры – БӘЙГЕ.
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушыларға сұрақтар қойылады. Яғни, 10 сұрақ қойылады. Алдарыңызда тұрған қағазға белгілейсіздер. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай.

І тур. «БӘЙГЕ»

1. Теңдеу деп қандай теңдікті айтады?
(Құрамындағы мәнін табуға болатын әрпі бар теңдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы?
(Р=2(а+в) )
3. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы?
(S=ab)
4. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?
(V=abc)
5. Жұп сандарды ата?
(2 –ге бөлінетін сандар, 0,2,4,6,8,10 ....)
6. Жай сандар деп қандай сандарды атайды?
(1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды айтымыз)
7. Құрама сан деп қандай сандарды айтамыз?
(2 – ден көп бөлгіштері бар натурал сандар)
8. Ең үлкен үш таңбалы сан?
(999)
9.Диаметр неше радиусқа тең?
(D=2R)
10.Ең кіші екі таңбалы сан?
(10).
І-ші турымыз аяқталды.І турды қорытындылай келе, осы тур бойынша сайыскерлеріміздің ұпай санын айта кетейік.

ІІ тур «КӨКПАР»
Болашақ биіктерге қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туын желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын – дей отырып, ІІ турымызды бастаймыз.
Бұл турда І турда аз ұпай жинаған оқушыдан бастаймыз.6 тақырып берілген.Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.Осы турден кейін аз ұпай жинаған 3оқушы ойыннан шығады.

І. Математика
1. ЕКОЕ(5,3)?
(15)
2. Жай бөлшектерге қандай амалдар қолданамыз?
(қосу, азайту.бөлу,көбейту)
3. Радиус дегеніміз?
(шеңбердің кез келген нүктесін оның центімен қосатын кесінді)
4. ½ алымы мен бөлімін атап көрсет №
(1 – алымы, 2 – бөлімі)
5. Санның квадраты деп нешінші дәрежені айтады?
(екінші дәрежені).

ІІ. Қазақстан тарихы
1.Алғашқы адамдардың шаруашылығы?
(терімшілік)
2.Қазақстанның астанасы?
(Астана)
3.Қазақстан Республикасының туының астанасы?
(Ш,Ниязбеков)
4. «Кел,балалар,оқылық»( өлеңінің авторы кім?
(Ы.Алтынсарин)
5. Шоқан Уәлихановтың шын есімі?
(Мұхаммед - Қанапия).

Ш.Қазақ тілі
1. Барыс септігінің сұрақтары?
(кімге?неге?)
2. Антоним сөздер дегеніміз не?
(Қарама – қарсы сөздер)
3. Қызылорда деген сөзде неше буын бар?
(4 буын)
4. Орфография дегеніміз не?
(жазу ережесінің жиынтығы)
5. Алақай!Өмірге сәби келді!қандай сөйлем?
(лепті сөйлем).

IY.Қазақстан
1. Қазақстан Республикасымен шектесетін ел?
(Ресей)
2. Қазақстанның алғашқы астанасы?
(Қызылорда)
3. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қанша облысы бар?
(14 облыс)
4. Қазақстан Республикасының президенті?
(Н.Назарбаев)
5. Қазақстандағы ең үлкен қала?
(Алматы).

Y.Спорт
1. Баскетбол ойынында неше адам ойнайды?
(5)
2. Футболда сыртқа шыққан доп?
(аут)
3. 2004 жылы Афины Олимпиадасында бокстан алтын медаль алған кім?
(Бахтияр Артаев)
4. Футбол ойынында 1тайм неше минутқа созылады?
(45 минут)
5. 2008 жылы олимпиада қай елде болды?
(Қытай).

YI.Логикалық сұрақтар.
1. Стол беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
(5)
2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең?
(1,2,3)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар?
(16)
4. Бір саннан 5-ті азайтқанда 10 саны қалды.Ол қандай сан?
(15)
5. Жанұяда 7 ер баланың бір – бірден қарындасы бар.Жанұяда неше бала бар?
(8).
ІІ турда аз ұпай алған екі оқушыны ойыннан шығарамыз.Ал енді келесі турымыз – «ТІЛ ӨНЕРІ».
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте дей отырып «ТІЛ ӨНЕРІ» турымызды бастаймыз. Бұл турда да алдыңғы ұпайлар қоса есептеле береді. 9 мақал берілген, мақалдың қалып қойған сөзін тайып, оны үш тілде айту керек. Әр тілде айтқаны үшін 30 ұпай беріліп отырады. Ендеше «Тіл өнер» турымызды бастаймыз.
1. Жүз теңгең болғанша,
Жүз _______досың болсын.(дос – друг – friend)
2. Елу жылда ______ жаңа. (ел – страна – country)

3. Отыз тістен шыққан сөз,
_____ рулы елге жайылады.(отыз – тридцать – therety)
4.______ түкірсе көл болар. (көп – много – many)
5. Өнер алды _______ тіл.(қызыл – красный – red)
6. Күйеу мың жылдық
Құда _____ жылдық.(жүз – сто – hundred)
7.Атаға тартып ұл тумас,
Анаға қарап _____.(қыз – девушка – girl)
8.Көп сөз – күміс,
Аз сөз - ____.(алтын – золото – gold)
9.Баста ақыл жоқ болса,
Аяққа ______ түсер.(күш – сила – force).
Қиындығы қызығы мол жорға келді,
Аяқтайтын шешуші сәтте енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма
Осы ойыннан табамыз жеңгендерді.

Ойынның соңында қалған екі оқушыға да бірдей тапсырма беріледі.15 сіріңкені пайдаланып «метр» сөзін жазу керек.
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Сынып математигі мақтау қағазбен марапатталады.



Пікірлер саны (2)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Dalila
    Dalila 11 сәуір 2014 16:50
    AFAIC thta's the best answer so far!
  2. Самал
    Самал 27 қыркүйек 2016 21:36
    Маған сіздердің сайтта материалдарыңыз ұнайды. Сіздермен брлесіп жұмыс істесегім келеді.