Қазақша
математиктер сайты

Қайталау

Қайталау
Ашық сабақтар
19:51, 21 ақпан 2013
5 039
0

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Жұмекен ауылы, Еңбекші орта мектебінің
жоғары санатты, бастауыш сынып мұғалімі
Утеуғалиева Сәуле Марданқызы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың білімділік міндеті: Тік төртбұрыштың периметрін табуға төселдіру;
өрнектерді және олардың мәндерін табу,теңдеу шешу, мазмұнды есепті шығару дағдыларын жетілдіре түсу.
Дамытушылық міндеті: Танымдық қабілеттерін ойлауын, зейінін,есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды өзгені тыңдап,өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдісі: Түсіндірме әдіс,сұрақ-жауап,машықтық жұмыс,көрнекілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта мүмкіндігі бойынша флипчарт беттері
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Жүректен жүрекке
Психологиялық дайындық
«Мен бәрін жасай аламын»
Бүгінгі күн тамаша,
Мен өзімді жақсы сезінудемін.
Менің көңіл күйім керемет жақсы.
Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Мен өзіме сенімдімін.
Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.
Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін
ІІ Жаңа сабақ
«Ғылымдар патшалығында»
Әлемді таңқалдырған сарай бар. Онда ақылды әрі білгір математика тұрады. Математика өз сарайына жалқаулар мен түк білместерді кіргізбейді. Ақылды,білімді,зейінділердің өзі сарайдың үш қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді. Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да ерекше болады.
Оның шарты:
Ал,достарым келіңдер
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Есеп шығарып көріңдер
Олай болса,алдымен білімімізді кеңейтіп алайық. Ал іске сәт!
Өткен сабақты пысықтау тапсырмасына «Бәйге» сайысы
1. Басталатын нүктесі бар түзу сызық ............................Ортадағы 20
2. 30 бен 5 санының қосындысы.....................................Сол жақтағы 10
3. Тік төртбұрыштың қасиетін ата...................................Сол жақтағы30
4. 1 ғасырда неше жыл бар?............................................Оң жақтағы 20
5. Екі жағы тұйықталған сызықты не дейміз?.................Сол жақтағы 20
6. Периметр дегеніміз не?................................................Ортадағы 30
7. Ең үлкен екі таңбалы сан..............................................Ортадағы 10
8. Теңдеу деген не?...........................................................Оң жақтағы 30
9.7 ондық 3 бірліктен құралған санды ата.......................Оң жақтағы 10

Математика патшалығына ену үшін алдымен «Тас қақпаны» ашуға мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
№1 тапсырманы түсіндіру.
А) Әр түсті кесінділерден құрастырылған кесіндінің ұзындығын есептеп шығар
Ә) Үшбұрыштың әр қабырғасын өлше және периметрін тап
Б) № 1-ші тапсырмасы Төртбұрыштың периметрін тап
Өз беттік жұмыс
№2 (2,3)
Егер тапсырма дұрыс орындалса «Тас қақпа» ашылады
Қорытынды: кесінділер өлшеміне қарай әр түрлі болатынын, периметр табу үшін оның қабырғаларының ұзындықтарын қосатынымыз туралы білімдеріңді көрсете білдіңдер
Ойнайық та,ойлайық!
«Аққала жасау» ойыны
Берілген өрнектердің нәтижесін есептеп, жауабына сәйкес аққаланы қасына әкелу
20+7 =
(30+7) -7 =
100-60 =
(43-3) -9 =
93-7 =
8онд. 5бірл. =
Дурыс жауаптары: 27, 30, 40, 31, 86, 85

«Күміс қақпаның» тапсырмасы
Топпен жұмыс
Ітоп: Өрнектің мәнін табу
73 + 9
46 + 8
84 – 7
82 – 9
54 – 8
77 + 7
ІІтоп: Теңдеу шешу
Х + 9 = 17
Х – 36 = 34

Қорытынды: Міне балалар, бұл жерде сіздер екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу, азайту, белгісіз қосылғышты,белгісіз азайғышты табу туралы өз білімдеріңізді өте жақсы көрсете білдіңіздер

«Ойлан тап!»
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.» Қарияның неше ұл, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)
Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (3 бұрыш)
Оңынан оқысаң да, сол сан, солынан оқысаң да, сол сан.Ол қандай екі таңбалы сан? (қырық)
«Алтын қақпаның» тапсырмасы
Оқулықпен жұмыс №3 тапсырма

Қызыл қарындаш – 20тг
Жай қарындаш - 20тг ?
Қалам - ? 60 тг қымбат

20+20+(20+60) = 120
Жауабы: барлығы 120 тг

Сурет бойынша есеп құрастыру
Оқушылар өз ойларынан есеп құрап ауызша шығарылады
«Алтын қақпа» ашылады.
Қорытынды: Мінеки, балалар, біз мазмұнды есептерді шығару жолдарында жақсы меңгергенімізді көрсете білдіңдер

Сарай ішінен «Алтын сандық» шығады.
«Алтын сандықтан» көгершін ұшып шығып, тест тапсырмасын береді.
Тест
1. 30-бен 50-дің арасындағы толық ондықты көрсет
а) 20
б) 40
в) 60

3.Тік төртбұрыштың қасиеті.
а) қарама-қарсы қабырғалары тең
б) үш қабырғасы тең
в) екі қабырғасы тең
4. 1 метрде неше сантиметр бар?
а) 90
б) 100
в) 99
«Ой қорыту»
Осы патшалықта математиканың «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» серіктері де бар екен. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады да данышпан математикаға келіп жүгінеді.
Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.
Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.
Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.
Данышпан: «Байлық»- бір жұттық, «Бақыт» - баянсыз, «Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.
Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.
Міне, бұдан шығатын қорытынды: ақылды, білімді болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек. Олай болса менің айтқан мақал-мәтелдерімнің жалғасын айта қойыңдар
«Білім азбайды, (ақыл тозбайды)»
«Оқусыз – білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)»
«Оқу – білім бұлағы,(білім – өмір шырағы)»
деген мақалдарды әркез есте ұстап жүрулерің керек екен

«Алтын сандық» ашылып,ішінен көгершіндер шығады.көгершіндердің аузында «5»тік, «4»-тік бағалары көрінеді,оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма №4.137-бет



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*