Математика. Төртбұрыштар тарауын қайталау.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Берген Ақерке Сауытқызы.
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Төртбұрыштар тарауын қайталау және пысықтау. Төртбұрыштар туралы анықтамаларды , теоремаларды, қасиеттерді есеп шығаруда пайдалана білу, тақырыпты оқушы санасына бекіту, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылығы : Оқушылардың танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі : Оқушылардың ой-өрісін дамытып, оқушылардың топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, математикалық мәдениетке, ұқыптылық-қа тәрбиелеу .
Сабақ түрі: Сайыс сабақ .
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта , комьпютер, слайдтық презентация .
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі .
1) Оқушылардың назарын сабаққа аудару , сабаққа әзірлігін тексеру.
2) Сабақтың құрылымы мен кезеңдерімен таныстыру .
Математикалық жарыстар.
Ұжымдық жұмыстар . Екі топқа бөліп сыныптағы оқу практика-лық сабақтың жүргізілу кезеңдерін түсіндіру . « Квадрат » тобы ,
« Ромб » тобы .
І. Ой қозғау .
1 слайд.
Әр топ оқушылары фигуралардың әрқайсысына тән қасиеттерін алма кезек айтып шығу.
ІІ. Ой толғаныс .
2 слайд.
Қасиеттері Қарама-қарсы қабырғалары паралель Қарама-қарсы қабыр-ғалары тең Қарама-қарсы бұрыштары тең Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ
бөлінеді Диагональдары тең Диагональдарыперпендикуляр Барлық бұрыштарытең Барлық қабырғаларытең
Параллелограмм + + + + +
Тіктөртбұрыш + + + + + +
Ромб + + + + + +
Квадрат + + + + + + + +
Таблицаны пайдаланып әр топ төртбұрыштардың ортақ қасиеттері бар болса , ол «+ » таңбасымен белгілей отырып , уақыт аяқталған соң екі топтың нәтижелерін салыстыра отырып бағалау .
ІІІ. Ой шыңдау .
Оқушылар оқулық бойынша есептер шығару .
Деңгейлік тапсырмаларды интерактивті тақтада екі топтың оқушылары алма кезек шығарады.
А деңгейінің тапсырмалары :
1. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 15 м.екінші қабырғасы одан 3м ұзын.Тіктөртбұрыштың периметрі неге тең?
2. Трапецияның екі бүйір қабырғасының қосындысы 5 см ,ал орта сызығы 2 см.Трапецияның периметрін табыңыз?
Ромбының бұрыштарының бірі 60-қа тең .Ромбының қабырғасы