Қазақша
математиктер сайты

Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир. 5-сынып.

Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир. 5-сынып.
Ашық сабақтар
12:54, 25 тамыз 2013
46 560
4

 Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Математика пәнінің мұғалімі
Хайрушева Махаббат Омаровна

Сыныбы: 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың "бұрыш", "бұрыштардың түрлері" тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
дамытушылық: есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелілік: өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа, өз бетінен және топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: ассоциация, ой-қозғау, топшамамен, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: геометрия, қазақ тілі, дүниетану.

Көрнекіліктер: топшамалар, кестелер, транспортир, сызғышғ сағат.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
а) Сәлемдесу;
ә) тренинг "пойыз".
б) оқушыларды түгендеу;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
г) үй тапсырмасын тексеру: №208.
д) өткен тақырып бойынша "сөзжұмбақ" шешу.

"Сөзжұмбақ".
1) Тік бұрыштың жартысы неге тең?
2) Транспортир бұрышты өлшеуге арналған ...
3) Бұрыштың өлшем бірлігі?
4) 1800-қа тең бұрыш қалай аталады?
5) Сүйір бұрыш 900-тан ...
қ ы р ы қ б е с
қ ұ р а л
г р а д у с
ж а з ы ң қ ы
к і ш і


ІІ. Мағынаны тану.
1) Оқулықпен жұмыс.
№206.
Жазыңқы бұрыш бірдей 5 бөлікке бөлінген. Осы бұрыштарды табыңдар. Әрбір бұрыш қанша бұрышты береді? Олардың біреуін салыңдар.
180°:5=36°
Жауабы: 36°.
№209.
Екі түзудің қиылысуынан шыққан бұрыштың біреуі екіншісінен 3 есе артық. Осы бұрыштарды табыңдар.
х+3х=180
4х=180
х=180:4
х=45
45+3•45=180 Жауабы: ∠1=45°, ∠2=135°.



2) Топшамамен жұмыс.

Топшама №1.
а) Жазыңқы бұрыштың жартысы неге тең?
ә) В АОВ бұрышы 30-ға тең, ВОД бұрышын табыңдар.


А О Д

Топшама №2.
а) Тік бұрыштың жартысы неге тең?
ә) К ЕОК бұрышы 150-ге тең, КОМ бұрышын табыңдар.

Е О М
3) Топпен жұмыс.

Топтарға бөлу.
"Сүйір" және "Доғал" сөздері буынға бөлініп қиылады. Әр оқушы қағаз таңдау арқылы сөздерді тауып, топ болып отырады.

"Ой қозғау".

1) Санасаң бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. /бұрыш/
2) Балаларды "жазалайтын"фигура? /бұрыш/
3) Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? /4 бұрыш/
4) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар? /төрт/

"Пратикалық тапсырма".

Әр топтан тақтаға 1 оқушы шығып, көзбен мөлшерлеп 45°-ты сызу керек. Тапсырма орындалғаннан соң, транспортирдің көмегімен бұрыштың градустық өлшемі өлшенеді.

Қосымша есеп.

АОВ бұрышы 87-ге тең. Осы бұрыштың ішінен ОС сәулесі жүргізілген. ВОС бұрышы 52-ге тең болса, АОС бұрышының градустық өлшемін тап.



"Ғажайып кесте".
Берілген әріптер мен цифрлардың көмегімен кестедегі әріптер мен цифрларды тігінен және көлденең қосып, нақыл сөзді оқу керек.
А1, Ә2, Б3, В2, А1, Ә2, Б3, Г1, Ғ1, Ә2 - Д2, Е1, Ё1, Е1, А1, Б4, Ә2, Е2, Б4, Е1, Ғ3 Д3, Ә2, Б3, Г3, Ә2, В1, Е1.

1 2 3 4
А м ә в ж
Ә з а к н
Б о ұ т д
В с е б ү
Г и у ш ь
Ғ к ь ң г
Д ю ғ п я
Е ы р і э
Ё л ф х ө









Жауабы: "Математика- ғылымдардың патшасы".

Қоршаған ортада кездесетін бұрыштар.
Оқушыларға қоршаған ортада кездесетін бұрыштардың суреттерін слайд арқылы көрсету.

ІІІ. Толғаныс.

"Шрифтограмма".
спорт+ринатр=? транспортир
ғал+од=? доғал
жазық+ың=? жазыңқы
үй+ріс=? сүйір
шы+бұр=? бұрыш
су+град=? градус

"Бес жолды өлең".

Мысалы: зат есім - бұрыш
сын есім - сүйір, доғал
етістік - өлшенеді, сызылады
сөйлем - оқушы сүйір бұрыш сызды
синоним - фигура.

Үй тапсырмасын беру: №205, №207, күнделікті өмірде кездесетін бұрыштардың сүреттерін салу.

Қорытындылау, бағалау.

Оқулық: Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық /А.Әбілқасымова, Т.Кучер, З.Жұмағұлова - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009.



Пікірлер саны (4)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Нурия
    Нурия 18 қазан 2013 10:33
    сабағыңызға "5"-тік баға Махаббат білікті ұстаз бол,көп ізден ,өсуіңізге тілектеспін Апйың Нурия.
  2. Асима
    Асима 26 қаңтар 2014 19:57
    Махаббат жақсы сабақ екен. Ұнады.
  3. Бакытжанова Г.А.
    Бакытжанова Г.А. 8 ақпан 2015 20:36
    Мұғалімдерге керекті материалдар көп екен. Рахмет!
  4. Танжанова
    Танжанова 29 қазан 2015 16:41
    ұнады осындай тапсырмалар тағы болса