Арифметикалық, геометриялық прогрессия есептер шығару
Қызылорда облысы
Арал ауданы
№19 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Сабақтың тақырыбы:
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып, есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар анықтамаларын , формулаларын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету , жинақтау , жүйелеу.
Дамытушылық: есептеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын арттыру .
Тәрбиелік: өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу ,ұйымшылдыққа , достыққа , шапшандыққа тәрбиелеу. Өз елінің патриотын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Іскерлік «Компаниялар додасы» ойын сабағы.
Сабақтың типі : пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: үшөлшемді әдістемелік жүйесі , жеке,топтық
Пәнаралық байланыс : казақ әдебиеті, геометрия , биология, физика,ән.
Қөрнекілігі: Бағалау парағы ,мақал-мәтел, плакаттар,үлестірмелер.
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, Power Point (слайдттар),
Windows Media (видео-ролик), Winamp (ән) бағдарламалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг: «Мен өзіме сенемін»
• Оқушыларға Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме туралы айтып кету. Үкімет отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ны құру жөніндегі қаулы жобасы мақұлданды.
• Ұлттық компанияның басты міндеті ЭКСПО-2017 аумағында инфрақұрылым мен объектілерді жобалау және салу болады.
Топтарға бөлу үшін: 1-10;11-20;21-31 ондықтар тобынан ұнаған санды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Оқушылар 3 топқа (компанияларға) бөлініп отырады.Компания президенттеріне бағалау парақтары таратылады.
Сары түсті: «Қазақстан үміткерлері» компаниясы
Жасыл түсті: «Қазақстан дарындары» компаниясы
Көк түсті: «Қазақстан озаттары» компаниясы
EXPO-2017.Астна туралы видео-ролик көрсетіліп, «Атамекен» әні орындалады
ІІ. «Заңдар аясында...»
Көптеген компаниялар бәсекеге қабілетті және алдыңғы қатарда болу үшін, заңдарды білу керек.
І Оқушылық деңгей (5 ұпай)
ІІІ. «Халық арасында...»
Компаниялардың Халық арасында жұмыстарын байқайық, ол үшін Internet арқылы edu19kzaral сайтына халықтан келіп түскен сұрақтарға шешімін табу керек.
ІІ Алгоритмдік деңгей (4 ұпай)
ІV. «Компаниялар басекелестігі»
ІІІ Эвристикалық деңгей (2 ұпай)
V . «Басшылардан – ұтымды жауап»
Компания президенттері мен вице-президенттерінің жұмыстарын бақылау
ІV . Шығармашылық деңгей (1 ұпай)
V. Үйге тапсырма :
№423
№432
№ 436
VІ. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша «Көшбасшы компанияны» анықтау, оқушыларды бағалау.
VІІ. Рефлексия (кері байланыс):
• Маған ұнады!
• Менің тілегім:...
• Сұрағым бар?