Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Черновод орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сармурзина Ботакөз Әділжанқызы
Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Түрі: білім тексеру сабағы
Мақсаты:
– ондық бөлшектерге қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын қолдануды қайталау, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың тақырыпты игеру деңгейі мен тиянақтылығын тексеру;
– түрлі есептер шығарту арқылы ондық бөлшектердің мағынасын түсіндіру, оқушыларды жоғары деңгейге жетуге ұмтылдыру, ойлау, шапшаң есептеу қабілеттерін дамыту;
– деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, топпен, өз бетімен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы: үш өлшемдік оқыту технологиясы
Құрылымы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Білімді тексеру
ІV. Үйге тапсырма беру
V. Бағалау
Қолданылатын құралдар: интерактивті тақта, оқулық, дәптер, қалам, сызғыш, карандаш.
Көрнекіліктер: геометриялық фигуралар, бағалау парағы, жетондар.
Сабақ барысы:
І. Оқушылармен амандасу, балалардың түгелдігін тексеру, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын сапалы түрде, дұрыс орындағанын тексеру, тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білім, білік, дағдыларын одан әрі жетілдіру.
ІІІ. Еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қоямын:
Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады.
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
Ендеше, балалар, қандай сандар ондық бөлшектер деп аталады?
8 7/1000 аралас санын ондық бөлшекпен қалай жазамыз?
3/4 жай бөлшегін ондық бөлшекпен қалай жазамыз?
Ондық бөлшектерді қалай қосамыз және азайтамыз?
Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?
Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз?
Қазір, балалар, деңгейлік тапсырмалар орындаймыз. Бұл тапсырмалар 3 деңгейден тұрады. Алдарыңызда интерактивті тақтада тұрған тапсырмаларды 2 нұсқаға бөлініп, орындаймыз. Әр деңгей тапсырмаларын орындаған сайын сәйкес жетондарды аласыздар. Барлық тапсырмаларды шапшаң орындаған оқушыларға қосымша шығармашылық тапсырма беріледі.
І нұсқа ІІ нұсқа
І деңгей тапсырмалары
Есептеңдер:
11,21+9,3
27,85 – 10,3
8,09 • 0,7 Есептеңдер:
85,07+3,03
20,1 – 8,7
10,27 • 5,1
ІІ деңгей тапсырмалары
1) Поезд 2,5 сағатта 190,5 км қашықтыққа барады. Поезд қандай жылдамдықпен жүрді?
а) 76,2 км/сағ; ә) 193 км/сағ;
б) 476,25 км/сағ; в) 188 км/сағ.
2) Теңдеуді шешіңдер:
х+2х =21,42 1) Тік төртбұрыштың ауданы 17,94 м2, ені 2,3 м. Тік төртбұрыштың ұзындығын табыңдар.
а) 20,24 м; ә) 7,8 м;
б) 41,162 м; в) 15,64 м.
2) Теңдеуді шешіңдер:
2х+5х =42,7
ІІІ деңгей тапсырмалары
1) Тізбектегі белгісіз санды табыңдар
+ •
= –
1) Тізбектегі белгісіз санды табыңдар
• –
2) Фигуралардың қабырғаларын өлшеу арқылы периметрлерін тауып, қайсысының периметрі үлкен екенін анықтаңдар.
Р1 * Р2 2) Фигуралардың қабырғаларын өлшеу арқылы периметрлерін тауып, қайсысының периметрі үлкен екенін анықтаңдар.
Р1 * Р2
Шығармашылық тапсырма: Ұзындығы 400 м дөңгелек жолмен балалар «Алып қаш» ойынын ойнады. Әр баланың жарыс жолының ұзындығы 150 м. Жарыстың басталуы мен аяқталуы бір жерде болу үшін «Алып қаш» ойынына неше бала қатысуы керек?
IV. Үйге оқулықтағы №798, 801 есептер
V. Оқушылар бағалау парағындағы жинаған жетондары бойынша бағаланады.