Ондық бөлшектер тарауы бойынша қайталау
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер тарауы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу бойынша білімдерін тиянақтау және бекіту.
Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру,оқушылардың шығармашалықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.
Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсатқа жетуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Қорытындылау, жинақтау.
Сабақтың әдісі: білімді бекіту
Көрнекіліктер: слайдтар, балықтарға жазылған есептер, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру (топ жетекшілері тексереді)
3.Ой қозғау сұрақтары: 1. Ондық бөлшектерді қосу ережесі
2. Ондық бөлшектерді азайту ережесі
3. Ондық бөлшектерді көбейту ережесі
4.Ондық бөлшектерді 0,1; 0,01; 0,001 разряд бірліктеріне көбейту
5. Ондық бөлшектерді 10,100, 1000 разряд бірліктеріне көбейту
6. Ондық бөлшектерді бөлу ережесі
7.Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001 разряд бірліктеріне бөлу
Осы сұрақтарға жауап бергенде бүгінгі сабақтың маршрут графигі шығады. Оқушылардың міндеттері маршрут графигі арқылы БІЛІМ шыңдарын бағындыру керек. Әрбір Білім шыңында осы шыңдардың кілт сөздері жазылған, сол бойынша тапсырмаларды орындау керек.