Туындыны табу ережелері

Сабақтың мақсаты:
Туындыны табу ережелерін, дәрежелік функцияның туындысын табуформуласын игеріполарды есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастырып, жалпы туынды ұғымы бойынша білімдерін дамыту.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін,таным белсенділіктерін дамыту.
Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, тапқырлыққа , пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту
Түрі: қайталау, білім бекіту, жеке сайыс сабағы.
Кұрал жабдықтар: Слайд, интербелсенді тақта, маркер, флипчарт, бағалау парағы
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталары мен қызығушылықтарын қалыптастыру, танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып білуге білімдерін жетілдіру.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Ережені аяқта
IV. Ауызша есепте
V. Туындының шығу тарихы. Ғалымдардың суреттерінде деңгейлік тапсырмалар жасырылады.
VI. Тест тапсырмалары (ҰБТ).
VII. Рефлексия
VIII. Бағалау
IX. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу ∫12 №188