Қазақша
математиктер сайты

Тіктөртбұрыштардың ауданы

Тіктөртбұрыштардың ауданы
Ашық сабақтар
21:23, 24 мамыр 2016
3 965
0

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштардың ауданы
Жалпы мақсаты: Тіктөртбұрыштардың ауданын табу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Оқыту әдістері: Диалогтік оқыту
Күтілетін нәтижелер Тіктөртбұрыш, шаршының ауданын табу дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана алады
Ресурстар Оқулық, дәптер, кеспелер
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу
Топқа бөлу: 1-бригада, 2-бригада, 3-бригада, 4-бригада Топ нөмірі бойынша бөлінеді
Слайд 1
Негізгі бөлім

Үй жұмысын тексеру
Топтағы оқушылар сағат тілі бойымен жұмыс дәптерлері мен бағалау парағымен алмасады да, тексереді, бағалайды. №245 Слайд 2
Тіктөртбұрыш тәрізді жер телімінің ауданы 80га, ұзындығы 2км. Жер телімінің периметрін есептеңдер. Ж: 4,8км
1га=10 000м2
1км2=1 000 000м2
80га=80*10 000м2=800 000м2
(800 000м^2)/(1 000 000м^2 )=8/10 〖км〗^2=〖0.8км〗^2
S=ab
〖0.8км〗^2=2км∙Х
Х=0.8км2:2км=0,4км
Р=2(а+b)=2(2+0,4)=4,8
Ж: 4,8км
Слайд 3
1-топ:
25 38 14 25 21 16 25 3 27 23 37 34
т і к т ө р т б ұ р ы ш
2-топ:
34 1 16 34 37
ш а р ш ы
3-топ:
1 26 7 1 18
а у д а н
4-топ:
29 12 5 26 16 1
ф и г у р а
Слайд4
Енді осы сөздерге қарап, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын айтып көріңдерші? - Тіктөртбұрыш, шаршы фигураларының ауданын табу.
Мен сендерді жай ғана топтар емес, бригадаларға бөлдім, ендеше тағы ойланып көрейікші, сабақта қандай жұмыспен айналысамыз, қандай тақырыпты қозғаймыз? – Құрылыс тақырыбын, ендеше біз сендермен бүгін үй саламыз, /Слайд5 /нақтырақ айтсақ,үйді іштен әрлеумен айналысамыз. Үйдің ішкі сызбасын көрсетейін. /Слайд6/ Әрлеу жұмыстарын барынша тез аяқтау үшін әр бригада 1бөлменің ішін толықтай әрлейтін болады. Слайд7
Қазір ортақ тапсырма беріледі. Ол тапсырманы әр бригада өздері әрлейтін бөлме үшін ғана орындайды.
/Слайд8/. 1-тапсырма: Бөлменің төбесін әрлеу. Бөлменің төбесін төбеге арналған плиткалармен жабу керек. Бір бөлмеге қанша плитка қажет?
Плитканың мөлшері: 50cм *50см.
Слайд9 Тексеру, бағалау.
1-тапсырма Sтөбе Sплитка n Жауабы
1-бригада 4*4=16 м2 0,5*0,5=0,25м2 16:0,25=64 64
2- бригада 2,5*4=10 м2 10:0,25=40 40
3- бригада 4*4=16 м2 16:0,25=64 64
4- бригада 3*4=12 м2 12:0,25=48 48

Слайд10. 2-тапсырма: Қабырғаны әрлеу. Қабырғаға ені 60см болатын түсқағаз алынды. Бір рулонда 10м түсқағаз бар. Бөлменің биіктігі 2,5м болса, неше рулон түсқағаз алынуы қажет?
Слайд11. Тексеру, бағалау.
2-тапсырма S1 S2 S Рулон саны
1-бригада 10 м2 10 м2 40 м2 7
2- бригада 6,25 м2 10 м2 32,5 м2 6
3- бригада 10 м2 10 м2 40 м2 7
4- бригада 7,5 м2 10 м2 35 м2 6

Слайд12. 3-тапсырма: Еденді әрлеу. Бөлме еденін жабу үшін ені 1 м, 1,5 м, 2 м, 2,5 м, 3,5 м, 5 м болатын линолеум түрлерінің қайсысын және неше метр алған дұрыс?
Слайд13. Тексеру, бағалау.
3-тапсырма S Линолеумның ені ұзындығы, м
1-бригада 4 * 4 2м 8м
2- бригада 2,5 * 4 2,5м
2м 4м

3- бригада 4 * 4 2м 8м
4- бригада 3 * 4 1,5м
2м 8м


Слайд14. 4-тапсырма: Төбені әрлеу. Егер төбені әрлеуге плиткалар алмай, ақтау керек болатын болса, бөлмеге қанша ұнтақ керек болады? 1м2 – 0,8кг ұнтақ қажет. Бір ыдыс - 5,5кг ұнтақ.
Слайд15. Тексеру, бағалау.
4-тапсырма Ұнтақ, кг Ыдыс саны
1-бригада 12,8 кг 3
2- бригада 8кг 2
3- бригада 12,8кг 3
4- бригада 9,6кг 2

Слайд16. Бағалау парағымен жұмыс.
Слайд17. Кері байланыс.

Бекіту, қорытынды Бағалау, рефлексиямен бөлісу.

Бағалау:
Үйге тапсырма №247 есеп шығару
Үйде оқу
Рефлексия



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*