Ондық бөлшектерді бөлу - 5 сынып
Сабақ барысы. І Ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Сыныпты екі футбол командасына бөлу. «Сұңқар» және «Қыран» командалары.
ІІІ. Негізгі бөлім. «Математикалық футбол» ойыны.
ІҮ. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.
Ойынның шарты:
1. Сыныпты екі командаға бөлу. Аты беріледі.
2. Интерактивті тақтадан алдын ала жасалған футбол алаңын шығару. Алаңда ойыншылардың суреттерінің жанында таратпа материалдардағы есептерді жауабы жазылады.
3. Әр командадан бір оқушыдан шығарып, қолдарына таратпа материал (карточкалар) беру. Әрбір қағазда 2 есеп жазылады. Бір оқушы тақтаға есеп шығарған кезде тапқан жауабын футбол алаңынан тауып, келесі жауапқа қаламмен сызып тұрады. Бірінші жауап алаң ортасында болады. Ең соңғы дұрыс жауап қарсылас команданың қақпасының жанында болады. Соңына бірінші жеткен команда екінші командаға гол теуіп, жеңіске жетеді.