Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Пән: Алгебра
Мұғалімнің аты-жөні: Абдреймова Э. Б
Күні:18.10.2018ж Класс:7 Оқушы саны:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 7.1C бөлім: Көпмүшелер
Сабақтың тақырыбы Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгеру
Бастапқы білім Алгебралық өрнектерге түрлендіруді және дәрежелерге амалдар қолдана алу.
Сабақ мақсаты - Көпмүшені бірмүшеге көбейтуді үйрету;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді үйрету;
- көпмүшелерге амалдар қолдануды үйрету.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу
Бағалау критерийлері -көпмүшені бірмүшеге көбейтеді;
- көпмүшеге амалдар қолданады;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктейді;
Тілдік мақсаттар
- қандай өрнектің көпмүше болатынын түсіндіреді;
- көпмүшені стандарт түрге қалай келтіруді түсіндіреді;
- көпмүшелерді қосу мен азайтудың жолын, бірмүшені көпмүшеге көбейту және - көпмүшелерді көбейтуді негіздеу жүргізеді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- көпмүше, көпмүшенің стандарт түрі;
- екімүше, үшмүше;
- бірмүшенің дәрежесі;
- бірмүшенің коэффициенті;
- бірмүшелерді көбейту;
- көпмүшенің дәрежесі;
- көпмүшенің бас мүшесі;
- бас коэффициент;
- көпмүшенің бос мүшесі;
- көпмүшелерді қосу және азайту;
- ұқсас бірмүшелер;
- көпмүшелердің көбейтіндісі.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру үшін ... ;
- ... жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру;
- көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін ... ;
- көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін ...
Құндылықтардыдарыту Денсаулық – «Clock Buddes» сергітуін орындау арқылы жүзеге асады; Үштілділік – ағылшын тіліндегі сергітуді түсіну арқылы жүзеге асады;
Үздіксіз оқу – тақырып бойынша теореиялық, практикалық білімдерін көрсетеді, физикалық білімдерін байланыстырады;
Құрмет – мұғаліммен, сыныптастарымен диалог жүргізуде жүзеге асады;
Жауапкершілік – өзіндік, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырмалар орындауда жүзеге асады;
Пәнаралық байланыстар Пән Кезең
физика сайтынан көпмүшенің түбірлері туралы физикалық мысалы ретінде көрсету.
Дифференциацияға қосымша тапсырма беру кезінде көрінеді.
Дифференциация http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10595 сайтынан 16-жаттығуды орындау
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Амандасу. /Кабинет тазалығына, желдетілгеніне назар бөлу/. Оқушылардың сабаққа қатысуын, қажетті оқу құралдарының түгел болуын қадағалау.
Жағымды психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар ағылшын тілінде жазылған іс-әрекеттерді түсініп орындайды. Бұл тапсырма барысында оқушылар жеке-жеке тапсырма орындайды; жұптасып бірге орындайды және бір шеңбер құрып, топтасып орындайды. (Сабақ тақырыбына сәйкес көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің топтастыру тәсілі көрініс табады)
«Clock Buddies»
1. (Shake hands) 2. (Tap the back) 3. (Smile)
4. (Wave hands) 5. (Wish anything) 7. (Send a kiss)
8. (Rub the back)
Слайд 2
Сабақтың ортасы
Өткен материалды еске түсіру
5 минут Бекіту.
1. Көпмүше дегеніміз не ?
2. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп нені айтамыз?
3. Жақша сыртына шығаратын ортақ көбейткішті қалай анықтауға болады?
Демек, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? /Оқушылар жауап береді/
Ендеше, сабағымыздың мақсаты: көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алу.
Бүгінгі сабақтағы жетістік критерийлерін анықтаймыз. /Оқушылар өздері жетістік критерийлерін ұсынады, олардың жауаптарын ескеріп, тақтада жетістік критерийлерін көрсетемін/.
Балалар, сабағымызға кіріспе ретінде ұжымдық тапсырма орындайық. Сөзжұмбақ шешейік.
1. Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнек қалай аталады? бірмүше
2. Белгісіз саны бар теңдік? теңдеу
3. Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғаса айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған бірмүшені түрі оның қандай түріне жатады? Стандарт
4. Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы – бірмүшенің .......................... деп аталады. Дәреже
5. 4ху бірмүшесінің дәрежесі қаншаға тең? Екі
6. Бірмүшенің сан көбейткіші қалай аталады? Коэффициент
7. Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелердің аталуы? Ұқсас мүшелер
8. Бірмүшелердің қосындысын қалай атаймыз? көпмүше
9. Көбейту амалының компоненті - ........................... ? көбейткіш
Дескриптор.
1 Әр сұраққа дұрыс жауап береді 5 балл
2 Жылдамдығы, тапқырлығы 4 балл
Жалпы есеппен жоғары балл жинаған оқушы, жеңімпаз болып табылады.
көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік. Ортақ көбейткішін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу мүмкін емес, себебі, бұл қосылғыштардың барлығына ортақ көбейткіш жоқ. және әрбір топтағы ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығарамыз:
алынған өрнекте екімүшесі ортақ көбейткіш болады. Сонда .
Сонымен, .
Көбейткіштерге жіктеудің бұл тәсілін топтау тәсілі деп атайды.
Келесі бейнероликке назар аударайық:
Көпмүшенің түбірлері туралы физикалық есеп.
Видеоматериалды көбейткіштерге жіктеу мысалы ретінде көрсету.
Дифференциация тапсырмасы:
Амалдарды орындаңыз.
Дескриптор.
1 Жақшаларды дұрыс ашады 1 балл
2 Ұқсас мүшелерді біріктіреді 2 балл
3 Қорытынды көпмүшені дұрыс жазады 3 балл
Өте жақсы, оқушылар. Енді тапсырманы сәл күрделендіреміз. Ол үшін жұп құруымыз керек.
Жұптасу.Ұсынылған қораптан түрлі-түсті қағаздың бірін суыру арқылы, геометриялық фигуралар бойынша жұптасып орналасады.
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің топтау тәсілін меңгергендігін тексеру мақсатында аралық қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Оқулықпен жұмыс.
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеңіз.
Дескриптор:
Интербелсенді тақтада көрсетілген жауаппен сәйкестендіріп, әрбір жұп бірін-бірі тексеру арқылы жүргізіледі.
1 Ұқсас мүшелерді дұрыс табады 1 балл
2 Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады 2 балл
3 Көбейткіштерге дұрыс жіктейді 3 балл
Өте жақсы жауап беріп жатырсыздар. Ендігі тапсырмалар санын көбейтемін және күрделендіремін және топтықжұмыс түрінде көрсетесіздер.
Топтасу: ол үшін түрлі-түсті қағаздарыңыздың артқы бетінде бірмүшелер мен көпмүшелер жазылған болатын. Сол бойынша «Бірмүшелер» және «Көпмүшелер» тобына бөлінеді.
Қалыптастырушы бағалау.
Бірмүшені көпмүшеге,көпмүшені көпмүшеге көбейту бойынша көпбұрыш құрастыру. / Тарсия/
Дескриптор.
«Ротация» әдісі негізінде екі топ оқушылары бір-бірінің жұмыстарын тексереді, туындыған қиындықтар туралы, жетістіктері туралы айтады.
1 Жақшаларды дұрыс ашады 1 балл
2 Ұқсас мүшелерді біріктіреді 1 балл
3 Топтық тапсырманы бірге орындайды 1 балл
4 Дұрыс жауап жазады 1 балл
Қалыптастырушы бағалау . Шығармашылық тапсырма. Төмендегі өрнектер шығатындай етіп2x - 3x - 5 өрнегіне жақша қойыңдар.
а) 15 – x; б) - 4x – 10;
в) 5 – x; г) 2x2– 13x +15.
Жауабы: а) 2x – 3(x -5 ); б) 2(x -3x -5);
в) 2x – (3x -5); г) (2x -3)(x -5).
Ә.Н.Шыныбеков оқулығы, 60-61-беттер 2007ж
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10595
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10595
Сабақтың соңы
5 минут Рефлексия
«Синквейн» әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Үй жұмысы:
1. 4.2.Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбын оқу.
2. №267 есепбін шығару.
Ә.Н.Шыныбеков оқулығы, 63-бет, 2007ж.
Қосымша №5
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
Оқушыларды топтық жұмыс
кезінде бір –біріне ресурс ретінде
пайдалану;
Класпен фронтальды жұмыс кезінде оқушылардың дұрыс түсініп не қате түсініп отырғанын тапсрыма бергеннен кейін жазған жауаптарын парақтарын көтеру арқылы тексеріп, кері байланысты мұғалім әр тапсырма соңында беріп отырады. Топтық жұмыстың жауабын тақтада көрсету арқылы оқушылар өздерін бағалайды. Өз бетімен жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылар өздерін дескрипторлар арқылы бағалап, өздерінің нені игеріп, неден қиналатындықтарын анықтайды. Қауіпсіздік техникасы сақталған кабинетте оқушыларға сабақ жүргізіледі. Оқушылар қауіпсіздік техника ережелерімен таныстырылған. Сабақ уақытында қарастырылатын әр түрлі жұмыс түрлері оқушылардың қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.