Павлодар облысының мемлекеттік емес ұйымдары (Дипломдық жұмыс)
Кіріспе
Тақырыптың зерттеу өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылдығының маңызды жетістіктерінің бірі – мемлекеттің сенімді әріптесі саналатын қарқынды дамып келе жатқан үкіметтік емес сектор.
Халқымызда «азамат» деген қастерлі ұғым бар. Азаматтықтың өлшемі төлқұжатпен ғана анықталмайды. Нағыз Азамат атану – жүрегімен, ісімен осы ұғымға лайық болу. Ал кез келген азаматтық қоғам азаматтық ұстанымы берік, демократиялық қоғам құруда жауапкершілігі мен белсенділігі жоғары азаматтардың бастамаларынан құралады. Осы¬ған орай егемендігіміздің алғашқы күндерінен бастап мемлекет азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуына барлық жағдайларды жасады. Ал азаматтық қоғам институттардың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлінің ерекше екендігі бәрімізге аян.
Біріккен Ұлттар Ұйымының берген анық¬тамасына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар аса маңызды екі міндетті атқарады. Олардың алғашқысы – қоғамның әлеуметтік пробле¬ма¬ларын шешуге жәрдемдесу, екіншісі – мәселе шешудегі азаматтардың белсенділігін арттыру. Бұл міндеттер азаматтық бастамалар мен азаматтық белсенділікті жүзеге асы¬руға қызмет етеді. Осы ретте мен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар аталған міндеттерге лайық деп білемін.
Бүгінгі таңда Қазақстанда «үшінші сектор» деп аталатын 18 мыңға жуық ұйым бар. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана қала¬ларында, сондай-ақ Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыс-тарында тіркелген. Еліміздегі әрбір төртінші ҮЕҰ сонау 90-жылдары іргесін қалаған бола¬тын. Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығының мәліметтеріне сәйкес соңғы жеті жылда Қазақстандағы ҮЕҰ са¬нының жиынтық өсімі 24%-ды құраған. Демек, бұл елімізде үкіметтік емес сектордың дамуына қолайлы жағдайдың қалыптас¬қа¬нын көрсетеді.
Файлды онлайн қарап алу: Omarov-Azat-Madievich-OPE-41.doc