Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылық қызметінің ерекшеліктері (Дипломдық жұмыс)
Кіріспе
Диплoмдық зepттey тaқыpыбының өзeктiлiгi. Құқықшығармашылықтың, оның ішінде бірінші кезекте заң шығарушылық қызметтің қазіргі Қазақстанда жеткілікті түрде жоғары қарқынды дамуына байланысты. Құқықтық зерттеудің негізгі қағидаларын және сипатын елеулі өзгертетін жүздеген және мыңдаған жаңа нормативтік актілер қабылданады. Құқыққорғаушылар, заңгерлер, адвокаттар, және де заң шығарушылардың өздері де әрқашан нормативтік әдебиеттің сансыз томдарында керектісін тез таба алмайды. Бір ғана мәселені зерттеу үшін көптеген қайнар көздерге жүгінуге тура келеді, бір мәселе бойынша баптар әрқандай нормативтік актілерде шашылған.
Құқықшығармашылық бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жай ғана “шығару салу” емес, бұл қоғамның құқықтық өмірінде әлбетте екінші рольді ойнамайтын және бір ғана өту сатысын қамтымайтын өте күрделі процесс.
Мемлекет қалыптасқан уақыттан бастап, ең аз да болса тәртіпті орнату үшін, осы әлемнің мықтылары құқық жасап, халықтың талаптарын қанағаттандыру үшін өз қызметінде тиімді нәтижеге жетуге тырысқан. Қазіргі уақыттың несін айту керек егер ағымдағы күндер динамикасындағы әрбір аспект пен іс-әрекетт құқықтық растау мен бекітуді қажет етсе. Тап қазір құқықшығармашылық басты орындардың бірін алады. Бұл нақ осы құқықшығармашылықтың құқыққа өмірберуімен, туындатуымен, қалыптастыруымен, оны рәсімдеуімен және қоғамға “есік” ашақызуымен байланысты. Құқықшығармашылық құқық өмірінің бастапқы кезеңі ретінде қызмет етеді және құқықтың қозғалысына әсер ететін құқықтық, саяси, экономикалық, арнайы импульстарды алады. Сондықтан да . партияның, мемлекеттің, қоғамның саяси бағытын білдіруі ретінде құқықтық актілерді жасауға мұмкіндік беретін құқықшығармашылыққа үлкен қоғамдық қызығушылық түсінікті.
Файлды онлайн қарап алу: azastan-Respublikasynday-y-shyarmashyly-yzmetn-erekshelkter.doc