Қазақша
математиктер сайты

Эвклид

Эвклид
Фотоальбом
18:22, 17 маусын 2012
8 047
0

Эвклидтің «Негіздер» атты кітабының ең алғашқы латын тіліне аударылып 1482жылы баспадан шыққан нұсқасыз. Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с. елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарстардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады.

Көне заманның аяғында құл иеленушілікке негізделгси қоғам сарқылып, Орта ғасырларда «тарихи белсенділік» Шығыс халықтарының үлесіне тиеді. Оның негізгі себебі - тайпалық-рулық, соғыс демократиясының негізінде өмір сүріп жатқан, көпкұдайлыққа табынған араб тайпаларының басын біріктіру қажеттігі еді. Осы қажеттіктің негізінде Ислам дүниеге келіп, сол діннің негізінде Арабтар империясы пайда болады. Ол Индтан Атлантика мұхитына дейін созылған мемлекет болды. Көшпенді араб тайпалары бастарының бірігуі олардың арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайды өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы байланыстардың өсуіне әкелді.

Араб империясы Батыста Испанияға дейін жетіп, өзінің мәдениеті, діні, философиясын жаңа елдерге таратты. Мысалы, бүгінгі таңда дүниежүзілік сөздікке кірген «арсенал», «адмирал» «тариф», «авария», «медицина», «алгебра» т.с.с. сөздер apaб сөздіктерінен шыққан.

Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, мәдениетті дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетгі. Оның бәрі басқа халықтардың мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келсе керек.

Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрі ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы.

Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің «Альмагестінен» бастап, Платон мен Аристотельдың шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс VII ғасырдың аяғынан бастап XI ғасырға дейін созылды.



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*