Қазақша
математиктер сайты

Давид Гильберт

Давид Гильберт
Фотоальбом
18:33, 17 маусын 2012
5 655
1

Қаңтар айының 23-жұлдызы атақты математик,ұлы ғалым,19-ғасырдың соңы мен 20ғасырдың басындағы әлемдік математиканың көшбасышысы болған Д.Гильберттің туған күні.Гильберт туралы бір қысқа беттік мақаламен оның ғылымға қосқан үлесін айтып бере алмасымыз анық, дегенмен оның ең басты еңбектерінің бірі туралы айта кеткен жөн болар. 1900 жылы құрылғанына көп уақыт бола қоймаған әлемдік математика одағы (ұйымы) өзінің жаңа ғасырдағы ең бір керемет құрылтайын Франция астанасы Париж қаласында өткізеді, оған сол кездегі ұйымға мүше отызға тарта мемлекеттен жиналған көптеген математиктер қатысады.


Туған жылы : 23 қаңтар 1862
Туған жері: Велау, Пруссия
Қайтыс болған кезі: 14 ақпан 1943 (81 жас)
Қайтыс болған жері: Гёттинген, Германия
Азаматтығы: Германия
Ғылыми бағыты: Математика
Жұмыс орны : Гёттинген университеті


Осы жиында атақты ғалымы Гилберт(1862~1943) әлемдегі барлық математиктердің алдына «Гилберттің 23 есебі » атанған , сол кезде шешімін таппаған атақты 23 есепті ортаға қояды. Бұл 23 есеп 20 ғасырдағы математиканың жауһары болады. Гилберттің бұл қадамы 20 ғасыр математикасының дамуына орасан зор үлесін қосқаны анық.2000-жылы адамзат жаңа ғасырдың есігін аша отырып, жаңа ғасырды өткен ғасырдың математикадағы жетістіктерін және 1900 жылғы ғасыр математикасына жаңаша бетбұрыс әкелген құрылтайды және сол кездердегі ұлы математиктердің еңбегін құрметтей отырып, 2000-жылды «Әлемдік математика жылы» деп жариялаған болатын. Осы жылы Американың Клай математика зерттеулер (Clay Mathematics Institute, http://www.claymath.org/millennium ) орталығы әлемде шешімін таппаған ең қиын деген жеті есепті ортаға қойғаны да белгілі. Бұл да ұлы ғалымның еңбегіне деген құрмет болар.



Пікірлер саны (1)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Kayla
    Kayla 11 сәуір 2014 22:34
    IMHO you've got the right anserw!