Қазақша
математиктер сайты

Г.Галилей

Г.Галилей
Фотоальбом
19:20, 17 маусын 2012
22 917
0

Галилей Галелео (15.2.1564, Италия, Пиза - 8.1.1642, Флоренция маңындағы Арчетри қ) – италиялық физик, механик, астраном, табиған тану ғылымдарының негізін салушы. Кедейленген ақсүйек отбасында туған. Әкесі Винисицо белгілі музыкант болған. Галилейдің үлкен оқымысты болуына әкесінің ықпалы тиген. 11 жасына дейін Пиза қаласында тұрып, кейін отбасы Флоренцияға көшеді. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилео медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кфедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысы одан әрі жалғастырылады. Аристотельге қарсы «Қозғалыс туралы сұхбат» деген еңбек жазады. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 – 1610 жж). Галилейдің шығармаларының кемеліне келген шағы болатын.


Галилео Галилей (итал. Галілео ді Вінцензо Бонаіұті де' Галілеі; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик и астроном, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен.


Галилей Галилео – италиялық физик, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары тыйым салған соң (1616), ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.ГАЛИЛЕЙ Галилео (15.2. 1564, Италия, Пиза — 8.1. 1642, Флоренция маңындағы Арчетри қаласы) — италиялық физик, механик, астроном, табиғат тану ғылымдарының негізін салушы. Кедейленген ақсүйек отбасында туған.


Әкесі Винченцо белгілі му-зыкант болған. Галилейдің үлкен оқымысты болуына әкесінің ықпалы тиген. 11 жасына дейін Пиза қаласында тұрып, кейін отбасы Флоренцияға көшеді. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке (горизонтқа) бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. 1609 жылы Галилей өзінің алғашқы телескопын құрастырады. Ол осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің 4 серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары Н. Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы "Әлемніңекі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді. 1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей 17 ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.


Әлемнің механикалық картинасы ХЛ-Х/ІІ ғасырларда ежелгі фи-лософтардың атомистік көзқарастарын қарастырған Г.Галилей мен П.Гассендидің еңбектерінің, әлемнің физикалық картинасы туралы жаңа түсініктер мен принциптерді ұсынған Декарт пен Нютонның зерттеулерімен тығыз байланысты.


Әлемнің механикалық картинасының негізін қүраған атомизм тео-риясы болды, ал негізгі түсінік — қозғалыс туралы түсінік болды. Қозғалыс заңдарын Ньютон әлем дамуының іргелі заңдары ретінде санады.


Галилейдің «егер дене қозғалысына еш нәрсе әсер етпесе, ол қозғалыс шексіз үзақ уақыт бойында сақталады» деген тәжірибесінің қорытындысы (Галилео Галилей «Әлемнің екі негізгі жүйелері — птоломейлік және коперниктік жүйелердің диалогы», 1632 жыл) Ньютонның классикалық механикасына негіз болды (қозғалыстың үш заңын еске түсірейік). 1686 жылы Исаак Ньютон Лондон корольдығына өзінің «Табиғат философиясының математикалық бастамалары» еңбегін үсынды, онда ол қозғалыстың негізгі заңдарын, бүкіл әлемдік тарты-лыс заңын, масса, инерция, үдеу туралы ұғымдарды баяндады, Гали-лей еңбектеріне байланысты поляк ғылымы Н.Коперниктің «Аспан әлемінің айналымы туралы» еңбегі 30 жылдық зерттеу нәтижесі ретінде жарық көрді.


Әлемнің механикалық картинасында кез келген қүбылыс механи-калық заңдар арқылы қатаң түрде анықталып отырды. XVIII ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында әлемнің механикалық картинасының негізінде жер, аспан және молекулалық механикасы жасалды. Бұның өзі әлемнің механикалық картинасын абсолютті түрде, жан-жақты қарастыруға жол берді.


Сонымен бірге, уақыт өткен сайын физикада әлемнің механикалық картинасына қайшылықты эмпирикалық мәліметтер шықты. мысалы: жарық құбылыстарын түсіндіру үшін эфир түсінігін — ерекше жұқа әрі абсолютті үздіксіз материя қарастырыла бастады.
XIX ғасырда механикалық әдістемелер жылу қүбылыстарына, электрге және магнитизмге таралды. Бұл құбылыстарға механикалық тәсіл оншама қатысты болмағанмен, тәжірибелік фактілер әлемнің механикалық картинасына жасанды түрде енгізілді. Эфирдің атомдық жобасын жасау XX ғасырға дейін созылды. Физика ғылымы материя туралы уғымның заттай өзгеруін, әлемнің физикалық картинасының өзгеріске түсуін қажет етті.

Электрлік және магниттік қубылыстарды ұзақ уақыт бойында зерттей келе Майкл Фарадей материя туралы корпускулалық теорияны континуальдық теориямен, яғни үздіксіздік теориясымен алмастыру керек деген ойға келді.


Фарадей көзқарастарын жақтаушылардың бірі көрнекті ағылшын физигі және математигі Джеймс Максвелл болды. Оның электромагне-тизм теориясында электр мен магнетизмнің органикалық байланысы анықталды. Ертеректе Фарадей ашқан идеяларды негізге ала отырып, Максвелл электромагниттік өріс уғымын енгізді.


Өзіне дейінгі тәжірибелік жолмен ашылған электромагниттік қубылыс заңдары мен М.Фарадей ашқан электромагнетизм индукциясы құбылысын біріктіріп, тужырымдап, Максвелл таза математикалық әдіспен электромагниттік өрісті өрнектейтін дифференциалды теңдеулер жүйесін тапты. Бул теңдеулер жүйесі электромагниттік қубылысты өз шамасында барынша толық өрнектейді және ньютондық механика жүйесі сияқты толық та жетілген жаңа теорияны сипаттайды. Осы теңдеулерден электрлік зарядтарға «байланбаған» өрістің жеке өмір сүру мумкіншілігі болуы керек деген маңыз-ды тужырымдама шығады.


Максвелл теориясы бойынша әрбір зарядталған үсақ бөлшек өріспен көрінбейтін жиекпен қоршалған, ол жақын маңайда орналасқан басқа зарядталған бөлшектерге әсер етеді, басқаша айтқанда, заряд-талған бір бөлшектің өрісі басқа бөлшектерге біршама кушпен әсер етеді. Әсер ету табиғатына мундай көзқарастар тартуды кеңістікпен бөлінген массалар арасындағы тікелей өзара әсер етудің күші деп есептейтін ньютондық тужырымдамадан айрықша ерекшеленеді. Максвелдің теориясында кеңістіктің берілген нүктесіне орналастырылған бөлшектің қозғалысы куштік сипатпен — осы нүктедегі кернеу күшімен анықталады.



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*