Математикалық сауаттылық - логикалық тест тапсырмалары 11 сынып
Логикалық тест тапсырмалары
1-нұсқа
1. Дөңгелек бойында он бес бала тұр. Әрбір қыздың оң жағында бір ұл тұр.Ұлдардың жартысының оң жағында бір ұлдан тұр, ал қалған ұлдардың жартысының оң жағында бір қыздан тұр. Неше қыз? Неше ұл бар?
А. 4-қыз, 10-ұл. В. 5-қыз, 16-ұл. С. 5-қыз, 15-ұл. Д. 3-қыз, 12-ұл. Е. 5-қыз, 10-ұл.
2. Дөңгелек бойында 60 рыцарь мен өтірікшілер тұр. Өтірікшілер әрдайым өтірік айтады, Рыцарьлар әрқашан шындықты айтады. Бірақ рыцарьлар кейде қалжындайды, яғни арасында өтірік айтады. Бұлардың әрқайсысы «рыцарь мен өтіріші арасында тұрмын» дейді. Олардың арасында екі рыцарь қалжындайды. Дөңгелек бойындағы өтірікшілер санын тап?
А. 10 В. 20 С. 30 Д. 25 Е. 40
3. Леонард Эйлер есебі. Үш мырза мейрамханаға кірерде қалпақтарын есіктегі күзетшіге тапсырды. Мейрамханадан шығарда мырзалар қалпақтарын қайтарып алды. Мырзалардың әрқайсысының басқа
біреуінің қалпағын алудың неше нұсқасы бар?
А. 2 В. 3 С.7 Д. 4 Е. 5
4. Кесіндіге аралары 1 см, 2 см, 3 см, 4 см, 5 см, 6 см, 7 см, 8 см болатындай ең аз неше нүкте белгілеуге болады?
А. 8 В. 6 С. 5 Д. 5 Е. 3
5. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша?
А. 14 В. 20 С. 24 Д. 21 Е. 27
6. Үйдің 1-ші қабатынан 3-ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1-ші қабатынан 6-шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек?
А. 130 б В. 156 С. 104 Д. 52 Е. 100
7. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
А.53 В. 52 С.54 Д. 45 Е. 51
8. Егер жүріп бара жатқан эскалатормен төмен түссе, 1 минут уақыт кетіреді, егер меншікті жылдамдығын 2 есе арттырса, онда 45 секундта түсуге болады. Егер эскалатор қозғалмай тұрса, қанша минутта түсуге болады?
А. 1,5 минут В.1,3минут С. 1,2 минут Д. 1,4 минут Е. 1,6 минут
9. Барлық цифрларының көбейтіндісі 729 болса, ең кіші төрт таңбалы санды тап.
А. 1000 В. 1999 С. 1998 Д. 1997 Е. 2000
10. Офисте жұмыс істейтін 94 қызметкердің әрбіреуі әлде қазақша, әлде орысша біледі. Қазақша сөйлейтіндердің 70%-і орысша біледі, ал орысша сөйлейтіндердің 80%-і қазақша біледі.Офисте қанша қызметкер екі тілде сөйлейді?
А. 54 В.55 С. 56 Д. 53 Е. 58
11. Иесі кодты дипломатты ашатын үш цифрды ұмытып қалды, (000-999). Бірақ ол үш цифрдың қосындысы 15-ке тең екендігін біледі. Дипломатты ашу мүмкіндігінің ең аз саны қанша?
А. 77 В. 73 С. 72 Д. 78 Е.71.
12. Түлкі 33 тышқан аулады. Ол аулаған тышқандарын тышқан санын әр түрлі етіп, 6 үймеге бөліп үйді. үймелердің ең үлкенінде 8 тышқан бар. Келесі үймедегі тышқандар маны оның алдыңғы үймедегі тышқандар санынан 1 тышқан кем. Ең соңғы үймеде неше тышқан бар?
А. 5 В. 2 С.3 Д. 33 Е. 8
13.Бастапқыда автобуста 14 адам болды. Автобус қозғалды, одан ол тоқтады. І- ші аялдамада 6 адам кірді,8 адам шықты. Кейінгі аялдамада 7 адам шықты, 4 адам кірді. Келесі аялдамада 1 кісі кірді. Бүтін жолда кісілер қанша, аялдама қанша?
А. 3 аялдама,10 адам В. 4 аялдама,12 адам С.3 аялдама,13 адам Д.5 аялдама,12 адам Е. 4 аялдама, 10 адам
14.«Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсысы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты – алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балапан шықты». Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?
А. 111972 мысық В. 36 мысық С. 111976 мысық Д. 111970 мысық Е. 111974 мысық
15. Марат пен Жанат поезда жүріп келе жатып, терезеден бағандарды қарап отырып санайды: «бір, екі, ...» . Марат «Р» әрпіне тілі келмегендіктен, «Р» әрпі бар сандарды өткізіп жібереді де, келесі «Р» әрпі жоқ сандарды жалғастырады. Жанат «Ш» әрпіне тілі келмейді, сондықтан «Ш» әрпі бар сандарды өткізіп жібереді. Мараттың ақырғы бағаны «жүз» номерімен аяқталады. Бұл Жанатта нешінші номерді иеленді?
А. 92 В. 90 С. 91 Д. 93 Е. 94
16. Автомобильдің номері екі екі таңбалы сандардан құралған. Екінші сан бірінші санның орындарын ауыстырғанда шығады, ал екеуінің айырмасы, екі таңбалы санның бірінші санымен екінші санының қосындысына тең. Автомобильдің номері қандай?
А. 54 457 В. 54475 С. 44575 Д. 55744 Е. 57454
17. Бір адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды.Ошақ басында жүрген жұбайын келіп: Екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бар табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады, енді не істесек екен? – дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?
А. Адам-10, табақ-5 В. Адам-12, табақ-4 С. Адам-12, табақ-5 Д. Адам-12, табақ-15 Е. Адам-12, табақ-10
18. Тауға көтерілген саяхатшы бірінші сағатта 800 м биіктікке көтерілді, ал әрбір сағат сайын биіктікке алдындағысына қарағанда 25 м-ге кем көтерілді. Саяхатшы 5700 м биіктікке неше сағатта шығады?
A. 6 сағ B. 7 сағ C. 57 сағ D. 8 сағ E. 16 сағ
19. Іші қуыс текше сумен толтырылып бір бұрышынан ілінген. Қарсы бұрышындағы кішкентай тесіктен су тамшылайды. Барлық судың тең жартысы аққаннан кейін судың беті қандай формалы болады?
A. Тіктөртбұрыш B. Шаршы C. Дұрыс үшбұрыш D. Дұрыс алтыбұрыш E. Ромб
20. Суға батқан кемеден 6 қап алтын монеталар табылған. Бірінші қапта 60, екіншіде 30, үшіншіде 20, төртіншіде 15 алтын монеталар болды. Барлық қапты санағанда монеталар санында заңдылықтың бар екені байқалды. 5-ші, 6-шы қаптарда қанша алтын монета бар?
A. 6; 5 B. 10; 9 C. 9; 8 D. 8; 6 E. 12; 10
21. 27 кіші кубтан жаңа бір үлкен куб құрастырылды. Үлкен кубтың барлық жақтары боялды. Екі жағы ғана боялған кіші кубтардың саны қанша?
A. 16 B. 12 C. 1 D. 6 E. 8
22. Ыдыс формасы тікбұрышты параллепипед . Ешқандай өлшеулер жасамай, басқа ыдысты қолданбай осы ыдыстың жартысын қалай толтыруға болады?
А.Судың деңгейі параллепипедтің диагональдық қимасына сәйкес келсе В. Су деңгейі тікбұрышты параллепипедтің тура жартысына дейін толса С. Су деңгейін көз мөлшерімен қарау Д. Су деңгейін ыдыстың үстінен қарап байқау Е.Олай құюға болмайды
23. Үш дөңгелектің центрлері белгіленген және олар бір-біріне жанай айналады. Әр дөңгелектің диаметрі сол жағындағы диаметрден 10% -ге кем. Үлкен дөңгелек 100 айналым жасаса, кіші дөңгелек неше айналым жасайды?
А. 81 В. 80 С. 121 Д. 100 Е. 300
Файлды онлайн қарап алу: logikalyk-test-tapsyrma-11-klass.doc