Қазақша
математиктер сайты

Математикалық талдау, Лекциялар.

Математикалық талдау, Лекциялар.
Жаңалықтар
20:06, 20 маусын 2016
9 553
1

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
БІРІНШІ ЛЕКЦИЯ
ФУНКЦИЯ ҰҒЫМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ


Функция немесе функциялық тəуелділік ұғымы түрлі
шамалар, экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды
моделдейтін математиканың маңызды ұғымы.
Анықтама. Х жиынының əрбір х элементіне ( x ∈ X )
белгілі бір заң немесе ереже бойынша У жиынының у элементі
сəйкес қойылса, онда Х жиынында функция берілген деп
атайды.
х жəне у шамаларының арасындағы функциялық
тəуелділікті y=f(x) деп белгілейді, мұндағы х - аргумент(тəуелсіз
айнымалы), у – функция(тəуелді айнымалы), f – ереже немесе заң.
Берілген функция анықталатын х аргументтерінің жиынын
функцияның анықталу облысы деп, ал сəйкес у
айнымалылардың жиынын функцияның мəндер жиыны деп
атайды. Əдетте анықталу облысын D(f) деп, ал мəндер жиынын
E(f) деп белгілейді.
Функция түрлі тəсілдермен берілуі мүмкін. Ең көп жəне
маңызды берілу түрлері: аналитикалық(формула түрінде), кестелік
жəне графиктік.
Мысал ретінде заттың бағасы (р) мен сол затқа деген
сұраныс (q) арасындағы байланысты қарастырайық:
р (теңге) 100 150 200 250 300 ...
q (мың дана) 18 15 12 9 6 ...
Кестеден көрініп тұрғандай, заттың бағасы артқан сайын,
оған деген сұраныс төмендейді екен. Бұл байланысты графиктік
түрде де беруге болады (1-сурет).
Заттың бағасы мен сұраныс арасында түзу сызықты p=kq+b
байланыс байқалады.


Файлды жүктеп алу:
matanlec.pdf
(Жүктелген саны: 718)

Файлды онлайн қарап алу: matanlec.pdf



Пікірлер саны (1)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Сауле
    Сауле 2 қараша 2017 08:51
    алдын ала рахмет