Қазақша
математиктер сайты

ҰБТ-ға дайындық: ТҮЛЕКТЕРГЕ КЕҢЕС

ҰБТ-ға дайындық: ТҮЛЕКТЕРГЕ КЕҢЕС
Әдістемелік қоржын
22:10, 17 мамыр 2012
21 330
3

ТҮЛЕКТЕРГЕ КЕҢЕС


ҰБТ-ға дайындық


• Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
• Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
• Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
• Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
• Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материалды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
• Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
• Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
• Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.



Пікірлер саны (3)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. молдир
    молдир 26 шілде 2013 21:34
    Кеңестеріңізге көп-көп рахмет!!!!!!!
  2. Лиза
    Лиза 26 қазан 2014 20:34
    дайындық есепті 4 сыныптың мәселе есептерінен бастасақ ара-қашықтық пен сыйымдылық, пайыздың есептерінінде бала көп қателеседі
  3. Асель
    Асель 12 наурыз 2015 18:41
    мен мамандык тандауда катты киналып журмін, осыған дейн анау болам мынау болам деп айта береді екенсін бірак жакындаган сайын не боларымды блмей жүрмін қабілетім барлыгына да жетеді тек математика жагынан киналам, Қазір көп ойланып жүрмін не боларымды білмей не істесем екен,