Қазақша
математиктер сайты

Өрнектер . Математикалық өрнектер мнформатика тілінде

Өрнектер . Математикалық өрнектер мнформатика тілінде
Әдістемелік қоржын
09:43, 18 маусын 2012
8 666
1

    Математикалық өрнектер информатика тілінде.

Өрнектер кейбір мәндерді есептеу ережесін белгілейді. Өрнектер тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдарды орындау белгілерінен және жақшалардан тұрады.  Осы өрнектерді информатика тіліне аударып көрсек...; Өрнектер Өрнектер кейбір мәндерді есептеу ережесін белгілейді. Өрнектер тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдарды орындау белгілерінен және жақшалардан тұрады. Арифметикалық амалдар Төмендегі кестеде Турбо Паскальдің негізгі арифметикалық амалдары көрсетілген. Белгілер Операция атауы Мысал * көбейту 2*3 (нәтиже: 6) / бөлу 30/2 (нәтиже: 1.5E+01) + қосу 2+3 (нәтиже: 5) - азайту 5-3 (нәтиже: 2) div бүтін бөлу 5 div 2 (нәтиже: 2) mod бүтін қалдық 5 mod 2 (нәтиже: 1) Логикалық амалдар Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: • NOT – логикалық терістеу ("ЕМЕС") • AND – логикалық көбейту ("ЖӘНЕ") • OR – логикалық қосу ("НЕМЕСЕ") • XOR - логикалық "Аралас НЕМЕСЕ" Типтері логикалық болып табылатын А және В айнымалыларымен орындалған осы амалдардың нәтижесі төмендегі ақиқат кестесінде бейнеленген: A B not A A and B A or B A xor B true true false true true false true false false true true false true true false true true false false false false false Қатынас амалдары Қатынас амалдарына мынадай амал түрлерін жатқызуға болады: • > - үлкен • = - үлкен немесе тең • <= - кіші немесе тең Қатынас амалдарымен тек сандарды ғана емес, символдарды, жолдарды, жиымдарды және белгілерді салыстыруға болады. Амалдарды орындау тәртібі Алгоритмдік тілдерде (Паскаль, Бейсик, Си т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикалық орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту т.б. амалдар орындалады. Төмендегі кестеде әр түрлі амалдардың орындалу реті көрсетілген. Реті Амалдар түрі Амалдар немесе оның элементі 1. Жақша ішіндегі өрнектер ( ) 2. Функция мәндері Функциялар 3. Унарлық амалдар @, not, бірорынды + және - 4. Көбейту, бөлу түріндегі амалдар *, /, div, mod, and, shl, shr 5. Қосу амалдары +, -, or, xor 6. Қатынас амалдары =, <>, , =, in Амалдардың орындалу тәртібін өзгерту үшін жақшаларды пайдалануға болады. Мысалы 2*5+10 өрнегінде әуелі көбейту емес, қосуды орындау қажет болса, 5 пен 10 санының қосындысын жақшаға алып жазамыз. Сонда өрнектің нәтижесі 20 емес, 30-ға тең болады. 2*(5+10)=30. Негізгі математикалық функциялар Турбо Паскальдің жүйелік кітапханасында алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде фунцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Турбо Паскальдің негізгі математикалық функцияларына мыналар жатады: Abs(X) X-тің абсолюттік шамасын береді. Cos(X), Sin(X) Х санының косинусын (синусын) береді, мұндағы Х – радиан бұрышы. Тангенс және котангенс функциялары Турбо Паскаль тілінде жоқ. Оларды есептеу үшін sin(x)/cos(x) (немесе cos(x)/sin(x) – котангенс үшін) өрнегі қолданылады. ArcTan(X) Х санының арктангенcін береді. Exp(X) е-нің Х дәрежесін есептейді. Ln(x) Х санының натурал логарифмін есептейді. Pi -дің мәні, pi = 3.14159265 Sqr(X) X-тің квадратын есептейді . Sqrt(X) X-тің квадрат түбірін есептейді. Trunc(X) Х нақты санының бүтін бөлігін береді. (Х санының бөлшек бөлігі алынып тасталып, функция нәтижесінің типі Longint болады) Frac(X) X санының бөлшек бөлігін береді. Int(X) Х санының бүтін бөлігін береді. Бұл функцияның Trunc функциясынан айырмашылығы есептеу нәтижесінің типі real түрінде болады. Round(X) Х нақты санын бүтін санға дөңгелектейді. Random(X) 0..Х диапазоны арасынан кездейсоқ бүтін санды анықтайды. Программада Random функциясын қолданбас бұрын, әуелі кейдейсоқ сандардың генераторы Randomize процедурасын іске қосқан жөн. Егер бұл процедура жазылмай кетсе, кездейсоқ сандардың бір тізбегі қайта-қайта шыға беретін болады. Мысал .-10..10 диапазоны арасынан кездейсоқ 5 санды шығару. var i: integer; begin randomize; for i:=1 to 5 do writeln(random(21)-10); end. Inc(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке арттырады. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, Х-тің мәні автоматты түрде 1-ге артады. Dec(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке кемітеді. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, X-тің мәні 1-ге кемиді. 


Файлды жүктеп алу:
ornekter.doc
(Жүктелген саны: 244)

Файлды онлайн қарап алу: ornekter.doc  


Пікірлер саны (1)
Қосу
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Жаңарту, егер код көріңбесе
Zoran
Zoran 11 сәуір 2014 19:37
Yours is a clever way of thkining about it.