Қазақша
математиктер сайты

Сызықтық функция

Сызықтық функция
Әдістемелік қоржын
09:43, 18 маусын 2012
17 824
6

Сызықтық функция

Алдамұратова Т.А. Математика. 6-сыныпқа арналған оқулық.

 

y = kx + l (мұндағы x -  тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды. Сызықтық функция Алдамұратова Т.А. Математика. 6-сыныпқа арналған оқулық. y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды. у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны. Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады. Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы. Сызықтық функцияның графигі У = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық. Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек. х -3 -2 -1 0 1 2 3 у -6,5 -5 -3,5 -2 -0,5 1 2,5 Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік. Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық. Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті. Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін ( ;0) нүктесінде қияды. Сызықтық функцияның дербес жағдайлардағы графигі l=0 және k 0 болғанда у=kx тура пропорционалдығының графигін қарастырайық. у=kx функциясының формуласынндағы х=0 болғанда у=0. Сондықтан оның графигі координаталар басы арқылы өтеді. у=kx (мұндағы k 0) функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу. у=kx тура пропорционалдығының графигін салу үшін ізделінді нүктелердің бірі ретінде О(0;0) нүктесін алу керек. Ізделінді екінші нүктенің координаталарын табу үшін x-тің нөлден өзгеше қандай да бір (мүмкін) мәнін қойып, оған сәйкес у-тін мәнін табу керек. Мысалы, у=2х функциясы үшін, х=2 болғанда у=4. А(2;4) нүктесін алу керек. Табылған О(0;0) және А(2;4) нүктелері арқылы жүргізілген түзу у=2х функциясының графигі. у=kx функциясы графигінің координаталық жазықтықтағы орналасуы к коэфицентіне тәуелді. у=kx функциясында, егер х=1 болса у=k. у=kx функциясының графигі –О(0;0) және (1;к) нүктелері арқылы өтетін түзу. Егер к 0 болса, у=kx функциясының графигі I және IIIкоординаталық ширектерде, ал k 0 болса, II және IV координаталық ширектерде орналасады. у=kx функциясының графигі мен у=kx+l функциясының графигі k-ның бірдей мәнінде өзара параллель түзулер. х-тің кез келген мәні үшін у = kx+ l функциясының мәні у=kx функциясының мәнінен l-ге артық. у = kx+l функциясындағы к=0 болса, функция у=l формуласы-мен жазылады. у=l формуласының графигі абциссалар осіне параллель, абциссасы 0; ординаталары l болатын түзу.    


Файлды жүктеп алу:
syzyktyk-f-ya.doc
(Жүктелген саны: 1352)

Файлды онлайн қарап алу: syzyktyk-f-ya.doc

Файлды жүктеп алу:
syzyktyk-f-ya.doc
(Жүктелген саны: 87)

Файлды онлайн қарап алу: syzyktyk-f-ya.doc  



Пікірлер саны (6)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. муратбек
    муратбек 1 қараша 2012 16:28
    неге толык емес((((((((((( recourse
  2. нурдаулет
    нурдаулет 11 желтоқсан 2012 20:53
    шынымда неге толык емес no recourse angry am
  3. аигерим
    аигерим 11 ақпан 2013 17:16
    керек брлса өзің шығар мизыз
  4. аиша
    аиша 2 сәуір 2013 20:56
    блиииин бесит
  5. Асемгуль
    Асемгуль 18 мамыр 2013 21:36
    Математика деп миларыңды ауыртпаңдар түсініп ұстаздың айтқанын ұқсаңдар математиканың қыр-сырын лезде үйреніп аласыңдар маған математика пәні қатты ұнайды

    Есеп шығаратын сайттар жоқпа не
  6. gulnaz
    gulnaz 8 сәуір 2014 11:03
    magan esebin wigarip berse dep edim magan 1333 1343 1353 esepterdi wigaru kereek