Математикадан дарынды балаларды анықтау және қолдау
Математикадан дарынды балаларды анықтау және қолдау
Мазмұны
1) Аннотация
2) Кіріспе
3) Негізгі бөлім
а) Шығармашылық-дарындылықтың анықтауышы.
ә) Дарынды бала кім?
б) Дарынды балаларды оқыту бағдарламалар.
в) Дарынды баланың психологиясы
г) Дарынды балалардың қабілетін ашу үшін мұғалімдерше қойылатын талаптар.
4) Қорытынды
5) Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Аннотация
Баяндаманың мақсаты: Дарынды балаларды анықтау, тәрбиелеу, дамыту, жетілдірудің тиімді жолдарын көрсету.
Міндеттері:
- Дарынды балаларды анықтау, дамыту, жетілдірудің негіздерін жасау;
- Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің дайындығын қарастыру;
- Дарынды балаларды қорғау мен қолдауды қамтамассыз етуді ұсыныс жасау;
Болжам: 1. Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетілсе, балалардың ынта-жігерлері артады;
2. Мұғалімдер жарнамамен жұмыс істесе, дарынды балалардың қатары малая түсер еді.
Зерттеу кезеңі: - Тақырыпты зерттеу барысында дарынды балаларға байланысты әдебиеттер оқылды, деректер жинақталды;
- Интернеттен мәлімет қаралды; - Психологпен әңгімелесіп, балалармен жүргізілетін әдістер салыстырды;
- Схемалар, жадынамалар жасалды.
Эксперимент әдісі: - сауалнамалар алынды.
- зерттеу нәтижесінің салыстырмалы қорытындылар.
Жұмыстың нәтижесі: - зерттеу барысында дарын балаларды дамыту
жолдары, әдіс-тәсілдері, дарынды болуға.
Кіріспе
Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде бала дарындылығын ашуға байланысты әдістемелер өте аз, 2006 жылы Астанада өткен ғылыми практикалық конференцияда «Дарын» АҒПО-ның директоры Битуова Т.Р. баяндамасында көрсетілгендей педагогика және психологияда бұл проблемамен айналысқанына аз уақыт болды, сондықтан теориялық негіздері ғылымда нақты орын алған жоқ пікір-талас күйінде қалып отыр.
Зерттеу мақсаты: Балалардың дарындылық қабілеттерін анықтау үшін әр түрлі тиімді жолдарын қарастыру.
Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің ролі – білімді таратушы жай мұғалімнің қалыпты ролінен ерекшелігі байқалады. Олардың міндеті білімді ғана беру емес, оқушының өзіндік мүмкіндігін ашуы тиіс. Дарынды балалармен жұмыс істеуде оқушының өзіндік дамуына, бағалауына және ойлау дербестігіне көп көңіл бөлінеді. Бұл шығармашылық потенциалының айқандалуына мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлығын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы қабілетін сипаттайды. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып, олардың арасындағы жекеленген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз керек. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оның сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін, оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.