Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу сайысы
Асылжан:
Балдәурен шағындағы балалықтың,
Алтын ұя бесігі ең даналықтың
Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан,
Парызын сенен ұқтым адамдықтың
Нұрым:
Армысыздар , мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан ,
Өмір деген үл кен жолда тарландар.
Асылжан:
Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған
Нұрым:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, әліппемен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер.
Асылжан:
Неге екенін білмеймін, неге екенін,
Әйтеуір бір мәні бар мерекенің.
Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой,
Салтанаты жарасқан берекенің
Нұрым:
Құрметті ұстаздар мен қадірлі қонақтар!
Асылжан:
Қадірменді ата-аналар мен оқушылар!
Нұрым:
Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебіреніп, көңіл толқытатын сәт. Шалқар өңіріндегі даңқы асқақтап тұрған Елбасымыздың «100 мектеп , 100 аурухана бағдарламасы » бойынша салынған осынау №8 жалпы орта білім беретін мектепте өткізгелі отырған « Қош бол, құтты Әліппем » атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Асылжан
Көкте күнді күлімдеткен күмбезді мектебіміздің мерейі үстем, айбыны асқақ болсын!
Ғалымбек
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің қоңырауың,
Түрады құлағымда сыңғыр қағып.
Қарақат
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жанымда сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Нұрасыл
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алып көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Мектебім, мектебім , мектебім
Хор : Мектеп вальсі
Нұрым:
Біз әлем мектептерінен кем түспейтін осындай мектепте оқығанымызды мақтан тұтамыз.
Асылжан:
Біз бүгін алғаш рет қолымыза ұстап, әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Нұрым:
Әліппе - бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол. Біз бүгін сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы « Әліппені » қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз.
Асылжан:
Әліппе бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық.
Томирис
Мен өзім –ақ оқып , жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетімше оқитын болдым.
Ерасыл
Біз ән айтуды . сурет салуды , есеп шығарудыда үйрендік.
Нұрым:
Ендеше, Әліппені ортаға шақырып, 4 ай бойы алған білімімізді көрсетейік. Кәне бәріміз хормен «Әліппе келіңіз, әліппе келіңіз » дейік
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жолбастар,
Әліппең келді ортаға.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен Әпкең де.
Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.
Дәулетжан
Мама, папа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті
Қарақат.Н.
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Аңсар
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Гүлжайнар
Әліппем менің, әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Ерсұлтан
Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Арайлым
Әліппем менің, әліппем,
Өшпейтін нұрлі әріптен.
Есігін аштым білімнің,
Өзіңнен кілт алып мен.
Ернұр
Үйреттің бізге Әліппе,
42 дербес әріпті.
Сөз , сөйлем құрап әріптен,
Жаздырдың бізге Әліппе.
Айлана
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімді тегін қазатын.
Нұрлыайым
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
Айбар
Әліппем, менің Әліпем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Хормен: -Өзіңе көп-көп рахмет!
Хор: Әліппе
Нұрым:
Әуезді ән, жаны раушан күй жүрегі,
Жел басқан сезімдерді идіреді.
Мың бұралып алдарыңда иіледі
Әсем биді паш етер қазақтың биші қызы –дей келе, Аққабиева Ардақтың орындауында « Шығыс » биі
Әліппе:
Ал, балалар, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші?
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!
Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!
Әліппе;
-Өте жақсы , балалар . Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты,үлгілі,шыншыл болыңдар! Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар?
Наздана
Альфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
Бекнұр
Альфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба, Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші?
Ақбота
А деген ол- аналар ғой ардақты,
Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.
Б деген ол- балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар , алфавиттің басында
Әліппе
- Балалар , сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға , оқуға үйрендіңдер, Ал ,кәне, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар
А – А дегенің – Ана ғой,
Ана деген дана ғой
Б - Б дегенің – бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой
Г – Гу деп алғашбөбектер
Гуілдейді ақырын
Е – Елге есті ер керек,
Ер жет, өсіп ертерек
Ж – Жыр алыбы – Жамбыл ата,
Ардақтайды оны бала
Қ – Қартқа қол бер
Жасқа жол бер.
З – Зауза ұшады зырылдап,
Зымыранша зырылдап
И – Ирина енді іздейді,
Инженер мына біздейді
К – Кекілік –ау ,кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Л- Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
М – Мектеп берген білімнен ,
Марқаясың, жас ұлан.
Н – Наурызайы келгенде,
Найрыз тойы тойлансын.
О – Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Ө - Өсті міне, бойларың,
Өсті ақыл, ойларың
Р – Роза шықса ән салып,
Риза болған бар халық
С – Сыйламаған жолдасын,
Сыйлай алмас өз басын.
Т – Тырау-тырау тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.
Х – Хадиша сөмке көтерген,
Хат-хабар күнде әкелген.
Ы – Ыдысты саздан жасаған,
Ықылас біздің жақсы адам
І – Інісіне бағалы,
Іңкәр ішік алғанды
Көрініс: Түлкі мен қоян ( Айлана, Нұрасыл, Ерсұлтан)
Әліппе:
- Балалар, қазір бір ойын ойнайық
Нұрым:
- Әліппе, біздің балалардың өнерлері өте көп. Олар Біржан мен Сара сияқты айтыса да алады.Ендігі кезекті айтысқа берейік
Айтыс: Ерасыл мен Томирис
Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.
Хормен: Сәлеметсіз бе , Ана тілі!
Ана тілі:
Сәлем, ойшыл достарым!
Терең білім , ой саналы,
Әрбір сөзім , ой салады.
Ғылым, тәлім , өнерім көп,
Достасқанға берерім көп.
Асылжан:
Ана тілінің келу құрметіне арнап Ғалымбек « Отан » әнін орындайды.
Әліппе:
Жарайсыңдар , балғындар! Сендерге ризамын.
Кәрі-жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер.
Ерасыл :
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
Наздана:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім
Әліппе:
Айналайын , балдырған,
Менен білім алдыңдар!
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасың бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман –есен болыңдар!
Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен ,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен!
Осы кезде «Әліппеге шексіз рахмет!» -деген жазулы тәж киген балалар ортаға шығады.Әліппе шығып кетеді.(Бекнұр,Қарақат,Дәулетжан,Гүлжайнар,Думан,Ақбота,Арайлым,Санжар)
БИ: Орыс биі
Көрініс: « Шалқан » ертегісі
Нұрым:
Еңбек білім мәнінде,
Есептейтін бәрін де.
Сөз береміз ардақтап,
Математика пәніне
Математика:
Сәлемет пе достарым?
Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.
Хормен: Сәлеметсіз бе, математика!
Математика:
--Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? Сан құрамдарын сұрау. 5,6,7,8 сандарының құрамын атаңдаршы?
Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2
Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2
Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10
Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
2. Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
3. Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )
Математика
-Ал балалар, білімді екендерінді білдім, енді өнерлеріңді көрсетіңдерші?
ӘН: Қошақан Қарақат пен
БИ: Қазақ биі
Ана тілі:
-Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді?
-Ыбырай Алтынсарин
-Ал алғашқы әліппенің атасы кім?
-Ахмет Байтұрсынов
- Олай болса, ол кісілердің де рухынабас иіп, өсиеттерін әркез есте ұстаңдар!Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар! (сахнаға кір-қожалақ Білмесбек жүгіріп шығады)
Білмесбек:
Мыналар неге жиналған, әй! Менің Білмесбек деп атымды атаған қайсысың?
Ана тілі:
-Сәлеметсіз бе , Білмесбек! Бүгін « Әліппемен қоштасу » мерекесі . Сен туралы айтқан мен.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да , жұлып алмақшы болады.)
Бала:
Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп , мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты . Бұлардың бәрін мен « әліппені » оқымай-ақ білемін.
Ана тілі:
Ол не дегенің , Білмесбек! Бұлар О,Ү әріптері ғой. Дегенмен , балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане , ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос мықынын тіреніп,
Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік,
Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? ( С )
(Осылайша 5-6 жұмбақ айтылады, Білмесбек 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды)
Ана тілі:
-Міне, Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Білмесбек:
-Ой , мене басқа білмейтіндер де бар шығар –ау іштеріңде!
Ана тілі:
-Жоқ, Білмесбек, барлық бала жақсы оқиды.
Білмесбек:
-Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен.........
Ана тілі:
-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! « Әліппені » таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Білмесбек:
- Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!
Мұғалім:
-Ал енді «Әліппені » ерінбей, жалықпай, жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр арнап, ән салайық
Думан
Күн боп күліп балаға,
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймыз,
Ардақты абзал анаға
Ардақ
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген – ана! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да – ана! Бұл өмірге бәріміз оған қарыздармыз.
Дастан
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың ,аясындай гүл бақтың
Томирис
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең ақ мақтаанышың
Білім алып, тер төгем , еңбек етем
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Диас
Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға да арнап бір ән саламыз.
Асылжан:
Ендеше, аналардың құрметіне арнап, « Құттықтаймын ,мама ,туған күніңмен » әнін жолдаймыз Орындайтындар: Айбар мен Нұрлыайым
Асылжан:
Ендігі өлең жолдарын асқар таудай әкеге арнаймыз
Аружан
Ыстық- ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Мирас
Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол шуақ күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер шін,
Ақылды балаларың оны білген.
Нұрлыайым
Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,
Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.
Әкешім, аман –есен жүре берші,
Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.
Санжар
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналмақ,
Біз айтатын келесі бір асқақ ән
Нүрым:
Ән:
Қазыбек
«Әліппе » даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
Хормен: -Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән: Мұғалім ол біздің
Мұнан соң «Болашаққа саяхат немесе өскенде кім болам?» деген балалардың болжамдары оқылып, кілттеулі сандыққа салынып, он жылдан кейін ашуға мектеп мұражайына тапсырылады.
1- жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз.