Озық ойлы оқушы! Математикадан сайыс.
Озық ойлы оқушы!
Мақсаты:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зердесін дамыту. Математика, физика ғылымдары үлкен, әрі қызықты екенін ұғындыру. Пәнге деген қызығушылығын ояту, шапшаң ойланып, ойын жинақты жеткізуге тәрбиелеу. Ғылыми ізденістерін кеңейту.
Түрі: Сайыс
Жоспары
І. Табалдырық
ІІ Әудем жер
ІІІ. Қозы көш
ІҮ. Беласар
Жүру барысы
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Танылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқып жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Құрметті қауым «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер, бүгінгі математика, физика пәндері бойынша меңгерген білімдерін жүйелеу, ауызша, жазбаша қабылеттерін ойын арқылы жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Озық ойлы оқушы» білімдік сайысымызға қош келдіңіздер!
Өз білімі мен зердесіне сенген оқушыларымызға сайысымыздың барысын таныстырамыз.
І бөлім: «Табалдырық» әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз.
ІІ бөлім: «Әудем жер» (әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады, сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады.
ІІІ бөлім: «Қозы көш» (Әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірбиелік тапсырмаларға жауап береді.)
Бұл бөлімнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.
Көрермендермен сайыс жүргізіледі.
ІҮ бөлім: «Беласар» (Логикалық есептер беріледі)
Бұл сайысты көптен бері біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз, біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келед кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз! – деп бүгінгі сайысқа қатысқалы келген сайыскерлерімізге кезек береміз.
І бөлім: «Табалдырық» әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз:
1.Төлеубаева Мадина «Қаржы» 69.12 тобының студенті
2. Жәнібек Нұрсейіт «Ақпараттық жүйелер» 59.12 тобының студенті
3. Бердіғалиева Ботагөз «Қаржы» 69.11 тобының студенті
4. Сарсенғалиева Жанар «Қаржы» 69.11 тобының студенті
5. Құттымұратова Ақиіс «Ақпараттық жүйелер» 59.11 тобының студенті
6. Алпамысов Ельдар «Техник-программист» 49.11 тобының студенті
7. Исатайқызы Нұрила «Техник-программист» 49.11 тобының студенті
8. Мұратқанов Бақытжан «Техник-программист» 49.13 тобының студенті
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып әділқазы
Еңбегін Тапқырлардың әділ сына
Әділ қазы, ақ қағазға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл
Жарысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын, ептілігін т.б қасиеттерін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.___________________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________________
6.___________________________________________________________________________
7.___________________________________________________________________________
8.___________________________________________________________________________
ІІ бөлім: «Әудем жер» әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады, сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады. Дұрыс әр жауап 1 баллмен есептелінеді
1-сайыскерге
1. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысу процессі (еру)
2. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)
3. Тік төртбұрыштың параметірі (төрт қабырғасының қосындысы)
4. Ток күші неге тең? ( I= g/t)
5. 12 санының екі дәрежесі? (144)
6. 10 сантиметрде неше метр бар? (1000 м)
7. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
8. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель)
9. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр)
10. cos450 мәні? ( )
2- сайыскерге
1. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (булану)
2. Шаршының қабырғасы 4 см. Шаршының ауданын табыңыз? (16)
3. Мұз кесегін 00С қарға салса ерейме? (ерімейді)
4. Үшбұрыштың пиреметрі? (Үшбұрыштың үш қабырғасының қосындысына тең)
5. Оқ ататын құралдар жылу құралына жата ма? (жатады)
6. Юбка тәрізді фигура? (Трапеция)
7. Адамның температурасын қандай құралмен өлшейді? (градусник)
8. Егер кеседен суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа)
9. Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрияның саласы? (планеметрия)
10. 13 санының квадраты? (169)
3-сайыскерге
1. Ток күшінің белгіленуі? (І )
2. бөлшегенің мағынасы? (жарты)
3. Еркін түсу үдеуінің тұрақты мәні? (9,8 м/с)
4. 121 санының түбірі? (11)
5. Ток күшін өлшейтін құрал? (амперметр)
6. 220 санының 5 проценті нешеге тең? (11)
7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)
8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см ауданын есепте? (24 см2)
9. 81*3 нешеге тең ? (243)
10.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (суы толық ыдысқа)
4-сайыскерге
1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
2. а2 – в2 өрнегінің жіктелуі ? (а - в)(а + в)
3. Молекуланың ретсіз қозғалысы? (жылу қозғалысы)
4. ах2 + вх + с = 0 теңдеуінің атауы? (квадрат теңдеу)
5. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі? (Дж/кг 0С)
6. Дискриминант шарттары? (D>0екі түбір, D=0 бір түбір, D<0 түбірі жоқ)
7. Атомның қабықшасын құрайтын бөлшек? (Электрон)
8. 900 жасап қиылысатын түзулер қалай аталады? (перпендикулярь түзулер)
9. Сұйықтың тек үстінгі ғана бетінен емес сонымен бірге оның ішінде көпіршіктерінің пайда болып қарқынды жүретін процесс қалай аталады? (қайнау)
10. жұп сандарды қалай анықтауға болады? (екіге қалдықсыз бөлінетін сандар)
5-сайыскерге
1. х – 2 =0 теңдеуінің түбірі (2)
2. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
3. теңдеуінде х нешеге тең? (450)
4. Тұзды суға жұмыртқа батама? (Жоқ)
5. 1 жұмыртқа 5 минутта қайнаса 25 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (5 минутта)
6. Аттас зарядтар бір бірімен тартылады ма? (Жоқ)
7. 1 тонна мақта жеңіл ме, 1 тонна темір жеңіл ме? (тең)
8. Заттың ұсақ ең бөлшегі? (атом)
9. 10 тауықта неше аяқ бар? (20)
10. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (атмосфера)
6-сайыскерге
1. Қолымызда он саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (100)
2. Заттың үш күйін ата? (сұйық, қатты, бу)
3. у = kx + b функциясының атауы? (сызықты функция)
4. Амперметр қандай құрал? (Ток күшін өлшейтін құрал)
5. y = x2 функциясының графигі? (парабола)
6. Дененің массасын анықтайтын құрал? (таразы)
7. «Эврика» кімнің сөзі? (Архимед)
8. Тригонометриялық функцияларды ата? (синус, косинус, тангенс, котангенс)
9. натурал жиыны латынның қандай әріпімен беріледі? (үлкен (эн) N)
10. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал? (психрометр)
7-сайыскерге
1. Электр заряды жоқ бөлшек? (Нейтрон)
2. төрт қойда неше аяқ? (16)
3. Ток күші қандай шама? (Скалярлық)
4. Алманың жартысы неге ұқсайды? (Өзінің жартысына)
5. Ньютонның екінші заңының формуласы? (F= ma)
6. Молекуланың ретсіз қозғалысы? (жылу қозғалысы)
7. Шаршының ауданы? (S = a2)
8. 1 см -де 10 мм бар, 20 см-де неше мм бар? (200 мм)
9. Формулада тығыздықты,массаны, көлемді қандай әріптермен белгілейді? ( p, m, v)
10. 60 парақты кітаптың қалыңдығы 1 см,120 бетті кітаптың қалыңдығы неше см болады? (1 см)
8-сайыскерге
1. Дененің массасын қандай тәсілмен анықтауға болады? (таразыға тартып)
2. Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3-ке де, 37-ге де бөлінетін санды ата? (111,3*37=111)
3. Ток көздерінде неше польюс болады және олар қалай аталады? (екі: оң және теріс)
4. Тік бұрышты координаталар жүйесінде х2 +у2 =25 теңдеуімен анықталатын сызық.?(Шеңбер)
5. Лақтырылған тас ненің әсерінен жерге түседі? (Ауырлық күшінің)
6. у= х функциясының анықталу аймағы? (барлық нақты сандар жиыны)
7. Күштің формуласы? (F= mg)
8. 18 саны 15-тің неше проценті ? (120 %)
9. Призмадан ақ жарық өткенде ең аз ауытқитын түс? (қызыл)
10. Аулада 3 тауық пен 1 ит бар. Аулада барлығы неше аяқ бар? (10)
Сайыскерлеріміздің ұпай сандарын анықтаймыз.
ІІІ бөлім: «Қозы көш» Әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірбиелік тапсырмаларға жауап береді. Тандалған сан дұрыс жауап берген жағдайда ұпай саны ретінде саналады. Сайыскер сұрақтың жауабын білмеген жағдай да, қарсыластары жауап беріп, ұпай сандарын иемденуге болады. Санды таңдайтын ұпайы аз сайыскер.
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
Жасыл 10 - Қатты жолға қарағанда неге құмды жолмен жүру қиын? (Қатты жолда күшті тек жүруге жұмсаймыз, ал құмды жерде аяғымыз құмға батып, ондағы үйкелісті жеңу үшін денедегі энергия жұмсалады. Энергияның артық жұмсалуы адамды шаршатады)
Жасыл 20 – Қолыңызға 30 см сым берілді сымнан құрастырылған тіктөртбұрыштың периметрінің ауданын тап. (периметр көпбұрыштың қабырғаларын бір түзудің бойындағы ұзындығы 30 см)
Жасыл 30 – Неге су отты өшіреді? (су буға айналып, оттың көп жылуын алады. бу отқа ауа жібермейді. Ал ауасыз от сөнеді)
Жасыл 40 – тарелкеге су құйылған. Оның ішінде тыйын салынған, сол тыйнды саусақтарыңыз суға малынбай алу керек. Сізге қағаз, стакан, сірінке берілген. (Қағазды өртеп стаканның ішіне саламыз да, тараелкеге тиыннан алшақ жерген төңкереміз, қағаз лезде сөнеді де, ауа қысымы тарылып, тарелкедегі суды стаканның ішіне тартады. Тиын құрғақ шығады.)
Қызыл 10 – Қардан жасаған ақ қалаға тон кигізссе еріп кетеме? (Жоқ ерімейді, себебі тон жылу бермейді)
Қызыл 20 – Винтті бұрғанда неге астына шайбы салынады? (тіреу ауданын ұлғайтып мықты бұрау үшін)
Қызыл 30 – температуралары әр түрлі, бірдей мөлшерде су бар екі ыдысқа бояу түйіршіктері салынды. Қай ыдыстағы судың салқын екендігін қол тигізбей анықтауға болады? (Жылы суға салынған бояу түйіршіктері тез еріп кетеді, ал салқын судан жай ерейді)
Қызыл 40 – Ортасы тілінген қағаздан адамды қалай өткізуге болады? Қайшыны пайдалануға болады (Тілік бойынша бүктеп оны шиыршықтай қиямыз. Қағазды жазған кезде шеңбер пайда болады сол шеңберден адам өтеді)
Көк 10 – Математика кішкентей қалашықта тоқтады да, шашын қысқартпақшы болады. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қиылмаған. Математика қай шеберге барады. (Екінші шаштараздағы шеберге барады)
Көк 20 – Баласынан әкесі 27 жас үлкен. Неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады? (мүмкін емес)
Көк 30 – Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кезде: «Сіздер бір-бірлеріңізге кімдер боласыздар?»-деген сұрағына қыз былай деп жауап береді: «Бұл кісінің шешесі, менің шешемнің енесі болады». Сонда олар бір-біріне кім болады? (Әке мен қыз)
Көк 40 – Төрт қайың қатар өсіп тұр, әрбір қайыңда 4-4 тен үлкен бұта бар, әр үлкен бұтақта 4-4 алма бар. Барлық алма саны қанша? (Бірле бір алма жоқ. Қайын ағашында алама өспейді)
Сары 10 – Қазақ халқы физиканы білген бе? Қандай мысал келтіресіз ( бесік тербелісі – маятник)
Сары 20 – Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (16 тесік)
Сары 30 - Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрайды. Сонда атасы «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6 тең болады». Сонда атасы нешеде? ((6+6)*6 = 72)
Сары 40 – Табаға бір салғанда 2 самса салуға болады. Самсаның бір жағының пісуіне 1 минут, екінші жағына 1 минут, барлығы 2 минут уақыт кетеді. Үш самсаны 3 минутта қалай пісіруге болады? (екі табаның көмегімен)
Сайыскерлердің ұпайларын санағанша ортаға Қадіржанов Ернияз домбыра
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 5 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 3 сайыскріміз бен қоштасуымызға тура келеді. Қол соғып қошеметтеп ойнымыздар шығарып салайық.
Келесі ІҮ бөлім: Беласар әр бетшеде жазылған логикалық есептерге 30 сикунт көлемінде ойлануға болады. Ұпай саны 5
1-бетшеде
Тышқан өз ініне жету үшін 20 адым жасау керек. Ал мысық тышқанның тұрған орнына жету үшін 5 рет секіру керек. Мысық 1 рет секіргенше тышқан 3 адым жасайды. Мысықтың бір секіру қашықтығына тышқанның 10 адымына тең. Екеуінің қозғалысы бір мезгілде басталса, мысық тышқанды қуып жете алама? (жете алмайды.)
2-бетшеде
Екі балықшыдан кәрзеңкелеріңізде неше балық бар деп сұрағанда біріншісі менің кәрзенкемдегі балық жолдасымның кәрзеңкесіндегі балықтың жартысына тағы да 10 балық қосқанға тең депті. Ал екіншісі менде жолдасымның барлық балығына 20 балық қосқанға тең депті. әрқайсысында қанша балық бар? (60, 40)
3 – бетшеде
Біздің үйде қалада
Түрлі түрлі маман бар.
Мен айтайын даралап
Сендер қане санаңдар.
Талай алғаш бәйгені
1 ақын бар әйгілі
2 ғалым-биолг
3 инженер-геолог
Білер жас та, кәрі де
4 тамаша дәрігер
5 белгілі артист бар
6 шафер таксист бар
Берер бізге көп тәлім
7 көрші мұғалім
Бізге киім тігетін
8 тәтей тігінші
3 зәулім үйлер салатын
9 маман құрлысшы
Жастар үлгі алатын
10 құрметті жұмысшы
Бәрін қосып санаңдар үйде неше маман бар? (55)
4- бетшеде
Бір сарайға қамалар
Тауық, түлкі табылар
Есеп шарты мынадай
Аяқпен бас саналар
Отыз аяқ жүр көп боп
Басы 9 бір топ боп
Көрмегенмен оларды
Айыруға болады
Түлкі нешеу қамалған
Тауық нешеу саналған? (3 тауық, 6 түлкі)
5- бетшеде
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
Балы ең төмен 1 студентпен қоштасамыз
Қалған студенттердітөмендегі номинациялар бойынша марапаттаймыз:
1.Бас жүлде «Озық ойлы оқушы»
2. 1 –орын
3. 2-орын
4. 3-орын
Ұпайлары анықталып жеңімпаздарды марапаттаймыз.