Математикалық тартыс. 7сынып.
Қызылорда облысы
Арал ауданы
19 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: 7 сыныпта өтілген материалды қайталау
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін,
шығармашылық белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге
дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев
Оқушыларды екі топқа бөлу: «Дарын», «Қабілет»
Ойын бағдарламасы:
• Есіңе сақта!
• Жорға
• Тіл өнері
• Адасқан әріптер
• Қатесін тап!
• Логикалық лабиринт
І бөлім: «Есіңе сақта!»
Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді еске түсіріп, аттарын жазу қажет (1 минут)
Дұрыс және толық жазған топқа 10 ұпай қойылады
ІІ бөлім: «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» ІІ бөлімінде әрбір топқа сұрақтар қойылады. Жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Дарын» тобына
1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
6. Қабырғасы 1- ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)
7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
8. Бағытталған кесінді (вектор)
9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
«Қабілет» тобына
1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
3. 640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
5. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи – дің мәні нешеге тең? (3,14)
9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)
10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)
ІІІ. бөлім «Тіл - өнері»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе «Тіл-өнері» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақты тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
2. Ел құлағы нешеу?
(елу, пятьдесят, fifty)
3. Отыз тістен шыққан сөз-неше рулы елге тарайды?
Отыз, тридцать, sooty
4. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
Он екі, двенадцать, twelve
IV. бөлім
«Адасқан әріптер»
Апрцетяи – трапеция
Еңшбре- шеңбер
Шұбршүы – үшбұрыш
Трұбышрет – төртбұрыш
Рвадкат – квадрат
V. бөлім
«Қатесін тап!»
Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет
1. (а+в)2=а2+2ав+в
2. (а-в)2=а-2ав+в2
3. (а-в)(а+в)=а2+ в2
4. (а+в)2=а3+3ав+3ав2+в2
5. (а-в)2=а3+3а2 в-3ав2-в3
6. а3+в3=(а-в)(а2+ав+в2)
7. а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2)
VІ бөлім: «Логикалық лобиринт»
1. Келесі сан қандай?
18 10 6 4 ?
2. Келесі сандар қандай?
1 4 5 ?
2 3 6 ?
Қорытындылау:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтай үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рхмет, мың рахмет!