Қазақша
математиктер сайты

Тапқыр болсаң шешіп көр!

Тапқыр болсаң шешіп көр!
Сайыстар
21:23, 24 мамыр 2016
4 794
0

Мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, пәнге қызығушылығын тудыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Топ оқушыларын өз орындарына орналастыру. Топтың атымен таныстыру.
2. Сайыс жоспарымен таныстыру.
а) Шапшаңдық
ә) Логикалық сұрақтар
б) Математикалық жұмбақтар
3. Шапшаңдық. (Әр топқа 5 сұрақтан оқылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады)
1) Балаларды жазалауда қолданылатын фигура (бұрыш)
2) 12-ні 10-ға көбейткенде шығатын сан (120)
3) Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
4) Толық бұрыштың градустық мәні (360°)
5) Заттарды санау, өлшеу үшін қолданылатын сандар. (натурал сандар)

1) 11-ді 7-ге көбейткенде шығатын сан (77)
2) Ең кіші үш таңбалы сан. (100)
3) Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
4) 2-ге бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп сандар)
5) Жазыңқы бұрыштың градустық мәні (180°)

Логикалық сұрақтар.(Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады)
1) Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қоса есептегенде қанша болады? (20)
2) Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатқанын есептеңдер. (3)
3) Екі санның қосындысы сегізге тең, айырмасы екіге тең, көбейтіндісі он беске тең. Олар қандай сандар? (5 пен 3)
4) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)
5) Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (6 балаға бір бауырсақтан бір бала бауырсақты тәрелкесімен алады)
6) Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең, 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (10+10+9=29, 10+5+10+5+9+5=44)

Математикалық жұмбақтар.
1) Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат пенен Маратқа,
Самат пенен Санатқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым,
Қанша жаңғақ қалғанын,
Айта қойшы, ал жаным? (3)
2) Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма,
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма? (0)
3) Бір сарайға қамалған,
Тауық, түлкі тағылар
Есеп шарты мынадай
Аяқ пен бас саналар
Отыз аяқ жүр көп боп
Басы 9 бір топ боп
Айыруға болады
Түлкі нешеу қамалған,
Тауық нешеу саналған. (3 тауық, 6 түлкі)



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*