Ондық бөлшектерге амалдар қолдану - 5 сынып
Ондық бөлшектер және ондық бөлшектерге амаладар қолдану туралы ортаазиялық ғалым Әл-Каши өзінің “Арифметика кілті ” / 1437 жылы/ атты кітабында жазды . Әл-Каши ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу тәсілдерін қалыптастырды . Сондықтан ол есептеуде ондық бөлшекті ең алғаш пайдаланған ғалым ретінде тарихқа енді. Әл-Каши ондық бөлшектерді жазуда үтірді пайдаланбаған , бірақ ол үтірдің орнына тік сызық қойған. Ондық бөлшекпен есептеу туралы Әл-Каши еңбектерін нидерландиялық математик Симон Стевин /1548-1620ж/ өзінің ондық бөлшек туралы “Ондық” /1585/ атты кітабында жазды.
Ондық  бөлшектің  бүтін  бөлігін  бөлшек  бөлігінен  үтірмен  ажыратуды  шотландия  математигі  Дж. Непер  /1550-1617/ және  неміс  аспан әлемін зерттеушісі  И . Кеплер /1571-1630 /  еңгізген.
Ресейде  Леонтий  Филиппович  Магницкий  1703  жылы  басылып  шыққан  өзінің  “Арифметика ”  оқулығында  ондық  бөлшектер  туралы  баяндауды  жалғастырды . 
Презентацияларды жүктеу: