Квадраттық теңдеулерді формула бойынша шешу - 8 сынып
Презентациялар
Сабақ мақсаты:
Біліктілік: Квадраттық теңдеулерді формула көмегімен шығаруды үйрету, толымсыз квадраттық теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың алгебра пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Қайталау сұрақтары
1. Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу деп атайды?
2. Квадраттық теңдеудегі a, b, c сандары қалай аталады?
3. Қандай теңдеуді толымсыз квадраттық теңдеу деп атайды?
4. Толымсыз квадраттық теңдеулердің неше түрі бар?
5. Толымсыз квадраттық теңдеудің әр түрінің неше түбірі бар болады?
Жүктеу:
kvadr-tendeu.ppt
(Жүктелген саны: 47)
kvadrat-tendeu.ppt
(Жүктелген саны: 46)
Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру