Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақ №80
Математика, "№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалім есімі: Сатыбалдина Ляйля Сериковна
Сынып 6 "А"
Қатысқандар саны: 20 оқушы
Қатыспағандар саны: жоқ
Тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
Рационал сандарға амалдар қолдану ретін біледі, есептер шығаруда қосу, азайту, көбейту, бөлу ережелерін тиімді пайдалануды үйренеді. Өткен тақырыптар бойынша алған білімдері жүйеленеді, жинақталады.
Оқу нәтижелері Барлық оқушылар
• Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі сандарға амалдар қолдана алады. Математикалық бес амалды қолданып есептер шығару дағдысы қалыптасады. А деңгейдің есептерін шығара алады.
Оқушылардың басым бөлігі
• Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі сандарға бес амалды еркін қолданады, логикалық талдау жасай алады. Бірнеше амалға берілген теңдеулерді шеше алады. В деңгей есептерін шығара алады.
Кейбір оқушылар
• Күрделі есептеулер жүргізе алады. Басқа сыныптастарына есептерді талдап, түсіндіріп бере алады. С деңгейдің есептерін шығара алады.
Алдыңғы оқу Рационал сандарды қосу, азайтуды, көбейтуді, дәрежеге шығаруды және бөлуді біледі
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
І. Ұйымдастыру
кезеңі (2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, талдау
(5 минут) Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Психологиялық ахуал орнату "Шаттық шеңбері"
Үйге берілген тапсырма №620
(Ассистент 3 оқушының көмегімен тексеріледі)
Оқулық, оқушы дәптерлері
Ортасы
ІІІ. Өткенді пысықтау
(12 минут)
ІҮ. Білімді бекіту
(20 минут)
Сабақтың тақырыбы:
"Рационал сандарға амалдар қолдану"
Мақсат қою (оқушылармен бірге)
Оқушыларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы 5 топқа бөлу
1-топ "Қосу" 2-топ "Азайту"
3-топ "Көбейту" 4-топ "Дәреже" 5-топ "Бөлу"
Топтық жұмыс
Әр топ өз тақырыптарына байланысты
1) постер жасайды
2) жасаған постерлерін ережелерді айта отырып, мысалдар қарастыра отырып қорғайды
Әр топтың жұмысы "Бағдаршам" арқылы бағаланады
Ауызша есептеулер жүргізу:
"Қоян қайда секіреді" кестесімен жұмыс
( Әр топ мүшелері жауаптарын планшетке жазып көрсетіп отырады)
Тақтамен жұмыс Әр топ басшысына бір-бір есеп беріледі, есеп шығарылып, талданады.
("Басбармақ әдісі" арқылы бағаланады)
Сергіту сәті "Көңілді күн"
(оқушылар орнынан тұрып билейді)
Жеке жұмыс
1-топ №638 (1), №639 (5) №№644 (1)
2-топ №638 (2), №639 (4) №№644 (2)
3-топ №638 (3), №639 (3) №№644 (3)
4-топ №638 (4), №639 (2) №№644 (4)
5-топ №638 (5), №639 (1) №№644 (5)
Дарынды оқушыға қосымша тапсырма №658 (1) Түрлі-түсті қағаздан жасалған үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш, дөңгелек, ромб модельдері
Постерлер, фломастерлер,
бағдаршам
Кесте "Қоян қайда секіреді" Қағаздан жасалған планшеттер
Дидактикалық материалдар
"Көңілді күн" видео, әуенімен
Оқулық
Аяқталуы
Ү.Қорытындылау
(3 минут)
ҮІ. Бағалау
(2 минут)
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру
(1 минут) Рефлексия
Оқушылар "Табыс ағашын" отырғызады.
(Бүгін сабақта не білдім? Не үйрендім? Не қиын болды? Сабақ ұнады ма? - деген сұрақтарға жауап жазған стикерлерін "Табыс ағашына" іледі)
Табыс критерийлері бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма: №641-есеп, ережелерді қайталау.
Стикерлер,
"Табыс ағашы" моделі