Геометриядан сабақ жоспарлары - 8 сынып
№1-сабақ. Нүкте, түзу, сəуле, кесінді, жазықтық жəне олардың өзара орналасуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарапайым геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін білу
Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі:
сабақтың мақсатымен таныстыру
- Қайталау. Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару
- Үйге тапсырма беру
- Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, ынталандыру, түгендеу, құрал саймандарының бар-жоғын анықтау
Үй жұмысын тексеру
«Ақыл қалпағы»
Әр оқушы өткен тақырып бойынша екі сұрақтан құрып, таза,қиылған қағаздарға жазады. Қағазды орап қалпақтың ішіне салады. Қалпақтағы сұрақтарды араластырып, әр оқушы бір сұрақты алып жауап береді.
Қайталауға арналған сұрақтар:
Нүкте, кесінді, түзу анықтамалары
Қарапайым мысалдар келтіру/тақтамен жұмыс/
Геометрия грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Геометрия екі бөлімнен тұрады. Планиметрия және стереметрия. Планиметрия жазықтықтағы фигураларды, ал стереометрия кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып нүкте мен түзу, кесінді болып табылады.
Ан-ма: Нүкте координатасымен анықталады және оның ұзындығы болмайды, яғни 0-ге тең.
Ан-ма 2: Түзу -2 екі жағынан да шектелмеген нүктелер жиыны. Ұзындығы –шексіз.
Ан-ма 3: Кесінді – екі жағынан да шектелген түзудің бөлігі, ұзындығы әрқашан айқындалады.
Геометриядағы белгілеулер : /тақтада оқушылар көрсетеді/
Тиісті, тиісті емес, бірігу,қиылысу, түзу, кесінді,
Түзу дегеніміз нүктелер жиынтығы болып табылады.
Түзудің бойында жататын және жатпайтын нүктелер болады.
Нүктелер латын алфавитінің бас әріптерімен, ал түзулер кіші әріптерімен белгіленеді.
Кез-келген екі нүкте арқылы тек қана бір түзу жүргізуге болады.
Екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда мұндай түзулер қиылысады.
Егер екі түзу өзара қиылыспайтын болса, онда мұндай түзулерді параллель түзулер деп атаймыз.
/Тақтаға кескіндерін сызады/
Кез келген түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.
Ан-ма1: Бір шетінен шектеулі түзуді сәуле деп атаймыз.
Нүкте түзуді екі бөлікке бөліп, олардың әрқайсысын сәулеге бөледі. Сол нүкте сәуленің басы болып табылады. Әдетте сәулені кіші латын әріпімен немесе екі бас әріпімен белгілейді.
Мыс: Түзу бойынан А және В нүктелерін орналастырыңдар. Ав кесіндісінен С нүктесін белгілеңдер, АВ, ВС, СА, АС және ВА сәулелерінің арасынан беттесетін сәулелерді табыңдар.
- Осы сәулелерді салыстыруға болады ма?
- Әр сәуленің толықтауыш сәулелерін ата.
Кесіндіні өлшеу оларды өлшем бірлігі ретінде қабылданған қайсыбір кесіндімен салыстыруға негізделген.
Өлшем бірлігі ретінде мм, см, дм,... т.с.с деп алу қабылданған.
Кесінділердің стандартты халықаралық өлшем бірлігіне метр қабылданған.
Бүгінгі сабақта біз кесінділерді өлшеп салу барысында құрал ретінде сызғышты қолданамыз, өлшем бірлігінде см-ді қолданайық.
Мыс:
- АВ кесіндісі 3,5 см, АС кесіндісі 7,5 дм, ВС-ның ұзындығын тап.
- Осы кесінділерді салыстыр.
- Осы кесінділерді параллель орналастыр
- Осы кесінділерді өзара қиылыстыр.
Параллель, қиылысқан түзулер, кесінділер қайталанады.
Бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген геометриялық терминдер туралы:
Грецияның ғылыми мектептерінде пайда болды. Грециялық терминдер бірнеше
ғасыр бойы ғалымдар тілі болған латын тіліне аударылды [19].
- «Планиметрия» термині – орта ғасырлық, латынша «planum» –»жазықтық» жəне грекше «метрео» – «өлшеймін» мағынасын білдіреді.
- «Фигура» – латын сөзі, заттың көрінісін, түрін білдіреді, XII ғ. қолданыла бастады. Бұған дейін заттың сыртқы бейнесін білдіретін «форма» латын сөзі қолданылды.
- «Линия» – латынның linea (сызық, шекара) сөзінен шықкан. Ол linum – зығыр, зығыр жіп, арқан, бау сөзінен пайда болған. Жіпті немесе бауды өлшемдер жүргізгенде римдік егіншілер қолданған.
- «Перпендикуляр» – латынша perpendicularis «тіктеуіш» сөзінен шыққан. Термин орта ғасырда пайда болды.
- «Биссектриса» – латының bis (екіге) жəне sectrix (қиюшы) сөздерінен құралған.
- «Вертикаль» (бұрыштар) – verticalis – латын сөзінен шыққан –төбелік.
- «Циркуль» – латынша circulus – дөңгелек.
- «Центр» – латынша centrum – ежелгі «кентрон» сөзінен транскрипциясы өте өткір қару.
- «Радиус» – латынша radius – сəуле, доңғалақтың тісі.
10.«Диаметр» – гректің «диаметрос» – көлденең өлшем.
11.«Хорда» – гректің «корде» – ішек.
Бастапқы 9 анықтаманы қайталау:
- Нүктенің бөлігі болмайды.
- Сызық – енсіз ұзындық.
- Сызықтың үштары нүкте болады.
- Түзу сызық өз нүктелеріне қатысты бірдей жатады.
- Жазықтықтың тек ұзындығы мен ені болады.
- Жазықтық шеті – сызық.
- Жазықтық тегістігі – өздерінің түзу сызықтарына қатысты біркелкі орналасқан түзулер.
- Жазық бұрыш – жазықтықтағы бір түзуде жатпайтын екі сызықтың қиылысуы.
- Екі сызықтықтың тікбұрыш болып қиылысуын түзу сызықты бұрыш деп атайды.
Есептер шығару:
Қорытынды
Рефлексия
Геометриядан 8 сыныпқа арналған сабақ жоспарларды ТЕГІН жүктеп алу:
Файлды онлайн қарап алу: 8kl-geom-ktp.doc
Файлды онлайн қарап алу: geometrija-8-synyp-68-sagat.doc